«Тұтықпа балаларға жүргізілетін логопедиялық ырғақтық түзету-тәрбиелік жаттығулары»
Тұтығу – сөйлеу кемістігінің ішіндегі ауыр түрі. Негізінен жүйке жүйесінің әлсіздігінен, сонымен бірге бір сырқатпен ауырып тұрған балаларда кездеседі. Ол баланың психикасын Ол баланың психикасын жарақаттап, дұрыс өсіп келе жатқан тәрбие үрдісін тоқтатып,сөйлеу қатынасына кедергі жасайды, айналасымен, әсіресе балалар арасындағы қарым-қатынасын қиындатады. Кекештік – сөйлеу аппараты бұлшық еттерінің дірілдеп тырысу салдарынан болған сөйлеу шапшаңдылығының бұзылуымен сипатталады. Кейбір жағдайда кекеш бұдан да кеш басталуы мүмкін. Қалай болғанда да бұл ауру бала мектепке барған кезде де бой көтереді. Баланың мектепке барысымен осыған дейін қалыптасқан тәртібі де өзгереді, ойын оқумен алмасады, ой мен санаға бұрынғыға қарағанда салмақ көбірек түседі. Алайда ғалымдардың басым көпшілігі тұтығу негізінен 2-5 жас аралығында пайда болады деген тұжырымды қолдайды. Баланың сөйлеп тұрып, кейде дауысты не дауыссыз дыбыстарға келгенде тұтығатыны болады. Онда тұрған ешқандай заңдылық жоқ екенін айта кеткені жөн. Кекеш деген ұғым сөз басында, сөйлеп тұрған кезде, сөз тіркесінің ортасында тұрып қалумен, мүдірумен белгілі бір сөздерді, дыбыстарды болмаса тіркестерді қайталап айта берумен шектеліпқана қоймайды. Кекештену кезінде баланың дем алысы әддеттегіден тыс бұзылады. Бала кекештенген кезде оған қолдан келгенше көмектесуге тырысу керек, бала еркін сөйлейтін құрбыларынан ұялады, өз кемшілігіне қатты қиналады. Сонымен, тұтығу қандай себептерден пайда болады? Ата-аналардың басым көпшілігі бұл сұраққа: «Балам қорыққаннан кейін, үрейленгеннен соң кекештене бастады», – деп жауап берді. Кейбір жағдайларда жұқпалы аурулардан кейін немесе қатты шаршаудан кейін де пайда болуы мүмкін.Кекештік тырысуына қарай тоникалық, клоникалық, аралас болып бөлінеді. Тоникалық таралуда бұлшық еттердің жиырылып тырысуының салдарынан сөз басында немесе ортасында ұзақ тоқталып қалу байқалады «К-іт-ап». Клоникалық тырысуда дыбыс немесе буын қайталана беруі «М-м-м мысық». Тұтығу күшейіп ауыр түріне айнала бастаған кезде ілеспелі жалғас қимыллдар байқалады. Ілеспелі жалғас қимылдар – сөйлеу кезінде бетте, мойында, денеде, аяқ-қолда болатын дірілдеп тырысу құбылыстары. Ол қимылдар әртүрлі болып келеді: мысалы көз қысу, денесін түрлі қозғалыстарға келтірулер жатады. Кекештенген адам ойын жеткізу үшін қиын сөздерді немесе дыбыстарды айтар кезде үрей пайда болады. Бұл құбылыс логофобия деп аталады.
Тұтығу үш дәрежеге ажыратылад: жеңіл, орташа, ауыр.
Тез сөйлеген кезде немесе толғанып сөйлеген кезде ғана тұтықпа ол – жеңіл түрі. Орташа дәрежесінде бала өзіне таныс ортада аз тұтығады, бөтен адамдар арасында тұтықпа күшейеді. Ауыр түрінде бала барлық сөйлеу түрінде тұтығады, ылғи да ілеспелі қимыл-қозғалыстар байқалады.
Кекештікті ойын арқылы да түзетуге болады. Логопед топпен 20 минут, жекелей 5-10 минут сабақ өткізеді. Нүктелі массаждар, қосымша аутотренинг жаттығулары, аутотренинг жаттығуларының негізгі мақсаты – баланы өзіне-өзі сендіру болып табылады. Сабақ барысында бала өзіне-өзі сеніп, асықпай кекештенбей сөйлейтін болады. Сол секілді логопедиялық түзету кезінде логопедиялық ырғақ әдісі қолданылады. Мұнда баланың қимылын дамыта отырып, неше түрлі музыкамен байланысты сергіту жаттығулары өткізіледі. Өз тәжірибемізден тұтықпа балаларға жүргізілетін логопедиялық ырғақтық түзету-тәрбиелік жаттығуларын ұсынып отырмыз.
Тез және дұрыс жауап қайтаратын белгілерді қалыптастыратын жаттығулар.
«ӘУЕН АРҚЫЛЫ ЖАЛАУДЫ БЕРУ» жаттығуы.Балалар шеңбер құрып, әуен басталғанда жалауды бір-біріне береді. Әуен тоқтаған кезде жалау кімнің қолында болса, сол бала жалауды көтереді. Әуеен басталған кезде қайта жалауды бір-біріне беруді жалғастырады.
ӘУЕН АРҚЫЛЫ ДОПТЫ БЕРУ. Балалар шеңбер құрады және допты бір-біріне береді. Әуен тоқтаған кезде доп кімнің қолында болса, сол бала доппен ойнайды, мысалы,3 рет жерге ұрып немесе жоғары лақтырады (мұғалімнің нұсқауымен). Әуен басталғанда допты қайта жалғастырып ойнайды.
ШЕҢБЕР ІШІНДЕГІ ҚОЗҒАЛЫС(бірнеше нұсқада). Балалар шеңбер болып қозғалады, әуен тоқтағанда қозғалыс тоқтайды. Бұл жаттығуды жалауларды пайдалану арқылы жүргізуге де болады: әуен тоқтағанда жалауды жоғары көтеру қажет. Балалар дөңгелене жүреді, әуен ырғағына сәйкес кері бұрылып немесе отырып тұрады. Балалар қол ұстасып тізбектесіп кез келген бағытта жүреді. Күтпеген жерден әуен ырғағына сәйкес тізбекті бастап жүрген бала бір аяқпен отырады. Тізбек қозғалысты қайта жалғастырады. Келесі әуен ырғағына сәйкес алдында жүрген бала бір аяқпен тізерлеп отырады. Ойын барлық бала осылай тізбектесіп отырғанға дейін жалғаса береді. Келесі әуен ырғағына сәйкес бірінші бала тұрып, балалардың ортасымен жүріп оларды тізбектеп жинайды.
ДОППЕН ШЕҢБЕР ҚҰРЫП ЖҮРУ. Балалар дөңгелене тұрады, әр баланың алдында бір доп жатады. Әуен басталғанда балалар допты алып және оң қолымен жоғары көтеріп дөңгелене жүреді. Әуен тоқтағанда барлығы бір орында тоқтап, допты еденге қояды.
ШЕҢБЕР СЫЗУ. Жаттығуға қатысқан балалар санына сәйкес мұғалім шеңбер сызады. Әуен басталғанда әрбір бала өз шеңберінің айналасында жүреді. Әуен ырғағына сәйкес өз дөңгелегінің ішіне секіріп келесі белгіні күтіп тұрады. Белгі берілгенде дөңгелектен секіріп шығып, қозғалысты жалғастырады.
Мектеп логопеді: Байтохина Ж.Т


