«Тәуелсіздік – тұғырым»

Бүгін, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мектебімізде «Тәуелсіздік – тұғырым» атты мерекелік шара өтті. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен басталып, еңбекке деген ерекше ынтасы үшін мектебіміздің кіші қызметкерлерін марапаттаумен жалғасты.

Салтанатты жиында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.М. Қаймолдин, А.Қ. Аманғосов және директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары С.Қ.Қиынбаев құттықтау сөздер айтып, тәуелсіз еліміздің дамуына қосқан елеулі үлестері үшін мектебіміздің кіші қызметкерлеріне 100 және 50 мың теңгелік сертификаттар табыс етті

Мерекелік шарада өнерпаз оқушыларымыз ән мен күй, би арқылы ұлттың рухын көтеріп, тәуелсіздігіміздің бағасын жеткізе білді. Тәуелсіздік мерекесі тек еліміз үшін ғана емес, әрбір ұлтжанды азамат үшін қастерлі сәт екендігі тағы да бір дәлелденді.