Тамақтану сапасын бақылау мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Қаңтар айының 29 күні Д.Қонаев атындағы ЖББОМГ ұйымының асханасында тамақтану сапасын бақылау мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілдін.

Тексеру барысында 

–  ас мәзірінің бекітілген мәзірге сәйкестігі 

– санитарлық-гигиеналық жағдай 

– тамақ өнімдерін сақтау және тасымалдау талаптары, 

– қызмет көрсету тәртібі толық қаралды.

Сонымен қатар тағам дайындау технологиясының сақталуы, өнімдердің жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, асхана🍽️ қызметкерлерінің жеке гигиенасы мен арнайы киімдерінің👩🏻‍🍳 болуы назарға алынды.

Дұрыс және сапалы тамақтану – балалардың денсаулығы мен білім алудағы табысының негізі. Сондықтан мектеп асханасында қауіпсіз, құнарлы, әрі теңгерімді тағаммен қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты түрде бақылауда.