ТУРКИЯНЫҢ АНТАЛИЯ ҚАЛАСЫНА ЖОЛДАМА!!!
Соңғы үш жыл ішінде мектебіміздің дамуына елеулі үлес қосқан пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің жұмысына жүргізілген мониторинг қорытындысына сәйкес, үздік нәтиже көрсеткен педагогтерді марапаттау мақсатында мектеп директорының қолдауымен ерекше бастама қолға алынды.
Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы білім беру саласындағы жетістіктерді насихаттау және педагогтердің еңбегін бағалау мақсатында мектебіміздің 11 мұғаліміне Түркияның Анталия қаласына демалыс жолдамасы табысталды!Жолдамалар 2025 жылдың 6 тамыз күні салтанатты түрде табысталды.Бұл бастама – ұстаздардың кәсіби дамуына серпін беретін, олардың еңбегін жоғары бағалаудың жарқын көрінісі.
Мектеп директоры Тажимишев Абзал Амантаевичтің қолдауымен жүзеге асып жатқан бұл игі іс – білім саласына қосқан үлесті ерекше мойындау деп білеміз.
Құттықтаймыз!