“Жалпы ортақ Заң және Тәртіп күні” аясында танымдық іс-шара
Құқықтық мәдениетті нығайту, оқушылардың заңға деген жауапкершілігін арттыру мақсатында бірқатар маңызды кездесулер ұйымдастырылды.
Ішкі істер бөлімінің өкілімен кездесу
Іс-шараға мектеп инспекторы Адаев Аслан шақырылып, оқушыларға заң мен тәртіп, құқықтық сауаттылық, қоғамдық жауапкершілік туралы мазмұнды түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Жиын барысында құқық негіздері пәні мұғалімі Д. Мамбетова оқушыларды топқа бөліп, «Оқушы ережесі», «Тығырықтан шығу жолдары», «Тәртіп туралы мақал-мәтелдерді жалғастыру» сияқты тапсырмалар орындатты. Бұл жұмыстар оқушылардың ынтасын арттырып, тәртіп пен жауапкершілік жайлы түсініктерін кеңейтуге ықпал етті.
Шара соңында оқушылар «Тәртіпті бала есебі» тақтайшасына өз ой-пікірлері мен мақсаттарын жазып қалдырды.




Қазақша
Русский