«Жапсырмаға 5 секунд назар аударсаң-денсаулығыңды сақтайсын»
«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ, Ақтөбе облыстық білім басқармасының 2026 жылғы 12 қаңтардағы №01-14/65 шығыс хаты негізінде хабарлама жолданды. Хабарламада халықтың сапалы әрі қауіпсіз өнімдерін таңдау мәселелері бойынша сауаттылық деңгейін арттыру, тағам өнімдерінің таңбалануын оқып түсіну бойынша тұрақты дағдыларды қалыптастыру, сондай – ақ ұтымды тамақтану арқылы халықтың өз денсаулығына жауапты және саналы көзқарасын қалыптастыру мақсатында ҚДСҰО Біріккен ұлттар ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының Қазақстан Республикасындағы Байланыс және әріптестік бюросының қолдауымен «Жапсырмаға 5 секунд назар аударсаң-денсаулығыңды сақтайсын» тақырыбында ақпараттық-ағартушылық бейноролик әзірленді.
Д.Қонаев атындағы ЖББОМГ класс жетекшелері сынып сағатында бейнероликті көрсетіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Өткізілген тәрбие сағаттары әр кластың инстапарақшасына салынып, ата-аналар чаттарына таратылды.

Қазақша
Русский