«ЖАС ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ: АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАР МЕН МІНДЕТТЕР» АЙЛЫҒЫ АЯСЫНДА “ДҰРЫС ТАМАҚТАНУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ. АС МӘЗІРІН ӘЗІРЛЕУ” ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ
«Жас педагогтің кәсіби дамуы: алғашқы қадамдар мен міндеттер» тақырыбындағы педагогтар айлығы аясында көркем еңбек пәні мұғалімі Турдалин Биекбек Мейрханович 5 «И» сынып оқушыларына «Дұрыс тамақтанудың негіздері. Ас мәзірін әзірлеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақтың мақсаты:
- Тамақтану негіздеріне байланысты ақпарат көздерімен танысу;
- Адам ағзасы үшін пайдалы және зиянды тағамдарды ажырата білу;
- Ақпарат іздеу барысында АКТ-ны тиімді пайдалану;
- Дұрыс және тиімді тамақтану ережелерін сипаттап, зерттеу.
Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, тақырыпты меңгеруге қызығушылық танытты.