«ЖАС ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ: АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАР МЕН МІНДЕТТЕР» АЙЛЫҒЫ АЯСЫНДА “КОФЕ КЕСКІНДЕМЕСІ” СУРЕТ БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«Жас педагогтың кәсіби дамуы: алғашқы қадамдар мен міндеттер» педагогтар айлығы аясында 6-сыныптар арасында «Кофе кескіндемесі» атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар кофе арқылы сурет салу техникасымен танысып, эстетикалық талғамдары мен шығармашылық қабілеттерін дамытты. Сонымен қатар, олар сабырлылық пен ұқыптылық танытып, сурет салуға деген қызығушылықтарын арттырды. Байқауды ұйымдастырған:көркем еңбек пәні мұғалімдері – Оразалы Шапағат пен Турдалин Биекбек.