«ЖАС ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ: АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАР МЕН МІНДЕТТЕР» АЙЛЫҒЫ АЯСЫНДА «РОБОТ ЭСТАФЕТА» САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«Жас педагогтің кәсіби дамуы: алғашқы қадамдар мен міндеттер» атты педагогтар айлығы аясында 4 және 6-сыныптар арасында «Робот эстафета» атты сайыс ұйымдастырылды. Сайыс барысында оқушылар өз роботтарын жарыс жолына қосып, шапшаңдық пен дәлдіктерін сынады. Бұл шара оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін, жылдамдығын және командамен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталды.Сайыс қызықты да тартысты өтіп, қатысушылар мен көрермендерге ерекше әсер қалдырды.Сайысты ұйымдастырған:информатика пәні мұғалімдері – Тілеужанов Есет пен Сапаұлы Шыңғыс.