«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУ: ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАРДА ӨТКІЗІЛГЕН КОУЧИНГ

Білім беру үдерісіне заманауи технологияларды енгізудің тиімділігі талқыланған коучинг сессиясы өтті. Іс-шара барысында жасанды интеллект платформаларының мүмкіндіктері көрсетілді. Коучингтің негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру және оқу үдерісіне инновациялық әдістерді енгізу.Коучинг барысында келесі платформалар пайдаланылды:

  • Fliki-ai
  • Genially
  • Merge Cube

Қатысушылар жасанды интеллектті пайдалана отырып, сабақ жоспарын әзірлеу және интерактивті тапсырмалар дайындау әдістерін талқылады. Сонымен қатар, жаратылыстану пәндерінде белсенді әдістерді қолданудың тиімділігі зерттелді.Бұл шара педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған маңызды қадам болды. Коучингті жаратылыстану пәні мұғалімдері Тажмаганбетова М. Ж., Аскарова Ж. Д., Турганбаева Г. С.ұйымдастырды.