ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ
Қыркүйек айының 16 күні Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста жаңа оқу жылындағы жоспарлар, жазғы демалыс кезеңінде ұйымдастырылған «Айгөлек» ойын алаңы мен «Айналайын» жазғы лагерінің жұмыс қорытындысы, жазғы кезеңде нәтижелі жұмыс атқарған жауапты педагогтерді материалдық ынталандыру және сыйақы ұсыну туралы, мектеп – гимназиясының педагог кадрлармен қамтамасыз етілуі, білім алушылар контингенті, материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілуі, медициналық қызмет көрсету, тамақтандыру объектісінің жұмысы, ғылыми-әдістемелік жұмысы, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оқу-тәрбие процесін жетілдіру бағытындағы бірқатар ұсыныстар талқыланды.
Кеңес мүшелері атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы уақытта да мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, білім алушылардың сапалы білім алуына қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Қазақша
Русский