Қазақстан балалары – шексіз әлемде
🎬✨🎞️«Қазақстан балалары – шексіз әлемде» республикалық балалар киносы фестивалі – балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамытып, өз өнерін кең аудиторияға танытуға мүмкіндік беретін маңызды алаң. Кинематография арқылы олар адамгершілік, эстетикалық және мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп, өнерге деген қызығушылығын арттырады.
🤩🥳💥 Фестиваль жас буынның рухани және зияткерлік дамуына ықпал етіп қана қоймай, олардың сыни ойлау, топпен жұмыс жасау, сахна мәдениетін меңгеру дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар, дарынды оқушыларды анықтап, олардың әрі қарай дамуына қолдау көрсетуге жол ашады.
🔥🔥🔥 Балалар мен жасөспірімдерге өз армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, шабыт пен сенім сыйлайтын бірегей жобалардың бірі.
🎥 «Қазақстан балалары – шексіз әлемде» республикалық балалар киносы фестивалінің 2025-2026 оқу жылындағы кезеңдерінде мектебіміздің оқушылары жоғары нәтижелер көрсетіп, қалалық, облыстық кезеңдерде топ жарып, республикалық деңгейге жолдама алды 🥇💥🥳🔥
«Ойынды кино» номинациясы
11 «Г» класс оқушысы Мақсатова Гүлім- жетекшісі Турдалин Биекбек Мейрханович


«Телевизиялық сюжет» номинациясы
“Теледидарлық сюжет-қысқаша ақпарат беретін кинохрониканың түрі” номинациясы бойынша
6 «Д» класс оқушысы Наурзбаева Жасмин- жетекшісі Абатова Динара Абатқызы


«Деректі кино» номинациясы
“Bilimclass” қысқа метражды фильмі
6 «Н» класс оқушысы Жақсығали Саян- жетекшісі Сатай Дамира Аскаровна


«Анимация» номинациясы
“Қазақстан балалары шексіз әлемде” Кәдірханова Қарақат
11 «Г» класс оқушысы Кәдірханқызы Қарақат- жетекшісі Сәрсенбайқызы Гүлсезім


«Үздік бейнеклип, бейнеролик» номинациясы
“Анашым-ай» әніне түсірілген бейнебаян Қатысушы: Қаржау Нұрислам
5 «Н» класс оқушысы Қаржау Нұр-Ислам- жетекшісі Жайманова Акерке Акбергеновна


«Үздік ғылыми-танымал фильм» номинациясы
Д.Қонаевқа арналған видеоролик. Қатысушы: Мұратов Аман 4 “Қ”
4 «Қ» класс оқушысы Мұратов Аман- жетекшісі Ордабаева Ансаған Мирболатқызы


Бұл жетістік – оқушыларымыздың таланты мен табандылығының, сондай-ақ ұстаздардың кәсіби бағыт-бағдары мен тынымсыз еңбегінің жемісі.
Оқушыларымыздың әрбір жетістігі – мектебіміздің мақтанышы! Жеңімпаздарға шығармашылық шабыт, толағай табыс пен жаңа белестер тілейміз! 🌟

Қазақша
Русский