Үздік сапалы қызмет көрсетуші
Мемлекеттік қызмет- халық пен мемлекеттің арасындағы сенім көпірі
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсының өңірлік деңгейдегі І кезеңінде халықтық дауыс беру нәтижесі бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері марапатталды.
🥈 ІІ орын – Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының оқу ісі жөніндегі орынбасары Шамгунова Ботагоз Сайлаубековнаға табысталды.
Бұл жетістік – сапалы білім беру қызметін ұйымдастырудағы кәсібилік пен жауапкершіліктің, сондай-ақ білім беру ұйымдарының жүйелі жұмысының нәтижесі.
Әріптестерімізді жоғары марапаттарымен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жұмыстарына толағай табыс, шығармашылық жетістіктер және жаңа белестер тілейміз! 👏🌹



Қазақша
Русский