«Өнерлі өрге жүзер» музыкалық байқауы
«Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында ұйымдастырылған «Өнерлі өрге жүзер» музыкалық конкурсының қалалық кезеңі 12 қазанда өтті.
Байқаудың мақсаты – этнос жастарының қазақ халқының өнерін меңгеруге қызығушылығын арттыру және ұлттық музыкаға деген сүйіспеншілікті дамыту. ?
Қалалық кезең қорытындысы бойынша:
? Лукин Иван – аспапта ойнау жанры жетекшісі Сатмағанбетов Еркин Жакыпович
? Лукина Надежда – вокал жанры жетекшісі Жайманова Акерке Акбергеновна
облыстық кезеңге жолдама алды.
? 2025 жылдың 14 қазанында өткен облыстық кезеңде:
? Лукина Надежда – жүлделі III орын,
? Лукин Иван – Алғыс хатпен марапатталды.
Сонымен қатар жетекшілері Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының басшысының Алғыс хатымен марапатталды. ?
Қатысушылар мен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! ?
Шығармашылық табыс пен өнер жолындағы биік жетістіктер тілейміз!






Қазақша
Русский