🌞 «Айналайын» жазғы лагерінің І маусымының ашылуы 🌞
Бүгін мектебімізде балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізуге бағытталған «Айналайын» жазғы лагерінің І маусымының салтанатты ашылуы өтті.
Лагерьдің ашылу рәсімінде оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен қатысып, қызықты ойындар мен таныстыру шараларына белсене араласты. Балалар алдағы күндері өздерін көптеген танымдық, спорттық, шығармашылық және көңілді іс-шаралар күтіп тұрғанымен танысты.
Жазғы лагерьдің басты мақсаты – оқушылардың демалысын тиімді ұйымдастырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, достық қарым-қатынасты нығайту және жарқын естеліктер сыйлау.
Барлық демалушыларға көтеріңкі көңіл-күй, қызықты сәттер мен ұмытылмас жазғы демалыс тілейміз! ☀️🎉🏕️
#АйналайынЖазғыЛагері #Жаз2026 #БалаларДемалысы #БақыттыБалалықШақ








Қазақша
Русский