🎬🍿 «Айналайын» жазғы лагері Kinopark кинотеатрына саяхат! 🍿🎬
Бүгін лагерь тәрбиеленушілері көтеріңкі көңіл-күймен кино әлеміне саяхат жасап, қызықты фильм тамашалады. Балалар әсерлі көріністерден ерекше эмоция алып, достарымен бірге уақыттарын көңілді өткізді. Кино көру барысында жақсы көңіл-күй сыйлаған кейіпкерлермен танысып, ұмытылмас әсерге бөленді.
Осындай қызықты демалыс балалардың жазғы демалысын мазмұнды әрі есте қаларлықтай етеді. Барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын естеліктер тілейміз! ☀️😊
#АйналайынЖазғыЛагері #7күн #КиноКүні #Kinopark #ЖазғыДемалыс




Қазақша
Русский