🏆 ЖЕҢІСТІ ЖОЛДАР!
VI Республикалық мұғалімдер спартакиадасының облыстық кезеңінде мектебіміздің мерейін үстем еткен әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
🏐 Волейболдан қыздар командасы сапында өнер көрсеткен математика пәнінің мұғалімі, жас маманымыз Ержан Айсана Марсқызы жүлделі I орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды!
⚽ Футболдан дене шынықтыру кафедрасының жетекшісі Айдарханов Нұрсұлтан Темірханұлы да үздік ойын көрсетіп, жүлделі I орынды иеленіп, республикалық жарысқа жолдама жеңіп алды!
Бұл жеңістер – табандылықтың, жүйелі дайындықтың, спортқа деген сүйіспеншілік пен жеңіске деген жігердің жемісі!
👏 Әріптестерімізді жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы республикалық кезеңде сәттілік тілейміз! Ақтөбе облысының намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырынан көрінулеріңізге тілектеспіз!
🏆 Жеңісті жолдарыңыз жалғасын тауып, мектебіміздің мерейі әрдайым үстем болсын!


Қазақша
Русский