🏢 Жапсарлас құрылыс жұмыстары жіті бақылауда

🏗️ Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясына жүргізіліп жатқан жапсарлас құрылыс нысаны 2025 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілуі тиіс болғанымен, бүгінгі күнге дейін құрылыс жұмыстары толық аяқталмаған.

Қазіргі таңда жұмыстардың шамамен 80%-ы ғана орындалып, 🚧 канализация, 💡 жарықтандыру, 🚰 сумен қамтамасыз ету және мектептің сыртқы фасад жұмыстары аяқсыз қалған. Сонымен қатар 🌳 мамыр айында басталуы жоспарланған абаттандыру жұмыстары да қолға алынбаған.

Осыған байланысты нысанға депутаттар мен жауапты лауазымды тұлғалар арнайы барып, құрылыс барысымен танысты. 🏢 Құрылыс сапасы мен мерзімінде аяқталуы бойынша тиісті мәселелер көтеріліп, жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктелді. ✅