? Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясында кезекті педагогикалық кеңес отырысы өтті. 

?Кеңес барысында 2–11 сынып оқушыларының білім сапасы талданып, пәндік үлгерім деңгейі сарапқа салынды. Оқушылардың жетістіктері мен оқу үдерісіндегі өзекті мәселелер жан-жақты қаралды.

? Сонымен қатар, 5–11 сыныптар арасындағы мектепішілік пәндік олимпиаданың қорытындысы шығарылып, үздік нәтиже көрсеткен оқушылар мен мұғалімдердің еңбегі атап өтілді. Олимпиада жеңімпаздары қалалық кезеңге жолдама алды.

?‍? Кеңес барысында оқыту мен тәрбиелеу ісін жетілдіру бойынша тиімді ұсыныстар айтты. Жаңа оқу кезеңіне нақты міндеттер мен бағыттар белгіленді.

? Педагогикалық кеңес – ұжымдық шешімдер алаңы. Бірлік пен жауапкершілік арқылы білім беру сапасын арттыру – басты мақсатымыз!