📌 Облыстық семинар өтті
“Білім беру округтері – білім сапасын арттырудың негізгі ресурсы” тақырыбында облыстық семинар Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясында жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
🎯 Семинардың мақсаты:
Білім беру округтерінің жұмысын жүйелеу және тиімділігін арттыру арқылы білім сапасын көтеру, сондай-ақ тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.
👥 Семинарға білім беру ұйымдарынан округ бойынша жауапты мамандар, ресурстық орталық жетекшілері, тірек мектеп басшылары және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
💡 Іс-шара барысында қатысушылар тиімді жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстарын ортаға салды.
🤝 Мұндай форматтағы кездесулер білім беру жүйесіндегі серіктестікті нығайтып, ортақ мақсатқа жетуде маңызды қадам болып табылады.






Қазақша
Русский