"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

СО “Жеңіс”

Шынықсаң, шымыр боларсың…

 Ел мерейін асырып, бәсекеге қабілетті дені сау ұрпақ тәрбиелеу мақсатында биылғы оқу жылында «Нұр-Ақтөбе» мөлтек ауданындағы №60 жалпы білім беретін орта мектепте мектеп директоры Тажимишев Абзал Амантайұлының және осы білім ордасында еңбек етіп жүрген ер-азамат  ұстаздардың ат салысуымен «Жеңіс» спорт орталығы ашылды.

«Нұр-Ақтөбе» мөлтек ауданының мәдени ошағына айналған мектебімізде «Жеңіс» спорт орталығын ашу арқылы алдағы уақытта келешек жас ұрпақты салауатты өмір салтын құрып, бос уақыттарын тиімді пайдала білуге дағдыландыру көзделіп отыр.

«Жеңіс» спорт орталығы екі жаттығу залы, киім шешінетін бөлме, жуынатын бөлмелермен қамтылған. Спорт орталығының тренажор залында  дене жаттығуларына арналған төсеніштер, жеңіл гимнастикалық орындықтар,  серпілгіш шеңберлер заманауи жүгіруге,  секіруге арналған құралдармен  және  ауыр атлетикаға арналған дене жаттықтыру залында зілтемірлер, гірлермен жабдықталған.

«Жеңіс» спорт орталығының екінші жаттықтыру залында бокс спорт түріне арналған шаршы алаң бой көтерген.

Спорт нысанында оқушыларға арнап еркін күрес, кик-бокс, бокс, таэквандо секцияларын іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен бірге «Нұр-Ақтөбе» мөлтек ауданының халқына  фитнес залы да қызметке қосылады. Орталықта «Нұр-Ақтөбе» мөлтек ауданы тұрғындарының спортпен шұғылдануына барлық  жағдай жасалған.

Елдің ертеңі – салауатты, білімді, дені сау жастар.  Сондықтан жаңадан ашылған спорт орталығы жас жеткіншектердің арманына қанат бітіріп,  еліміздің абыройын асқақтатар даңқты спортшылар тәрбиелеуде маңызы зор.

Ербозымова М.Н.