"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Мемлекеттік емтихан

Сәт сапар, Жас Түлек -2023!

Биыл, 2022-2023 оқу жылында,  Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектепті 241 түлек аяқтады. Аттестат табыстау рәсімдері салтанатты түрде мектеп қабырғасында ата-аналар мен педагогтердің қатысуымен өткізілді. Жалпы орта білім туралы аттестатқа ие болған 9 түлек және негізгі орта білім туралы аттестат табысталған 233 түлек мемлекеттік емтихандарды ойдағыдай тапсырып, кәсіптік таңдау жолында жоғары және арнаулы орта,  техникалық оқу орындарында бақтарын сынап көрмек. Кейбір оқушылар мектепте 10-11 сыныптарда білім алуды жалғастырып, таңдаған мамандықтарына сәйкес пәндерді тереңдетіп оқуды мақсат етеді. Алтын ұя – мектебінде білім алып, армандаған мамандықтарына қол жеткізіп, еліміздің әр түкпірінде адал қызмет ететін азаматтар болатынына сенім білдіре отырып, түлектерімізге ақ жол тілейміз! Сәт сапар, Жас Түлек – 2023!


2022-2023 оқу жылында 9,11 кластарда өтетін қорытынды емтихандар туралы

2022-2023 оқу жылы: Мемлекеттік қорытынды емтихандар

2022-2023 оқу жылында 9-кластарда қорытынды мектеп бітіру емтихандары 02 маусым -13 маусым аралығында; 11-кластар үшін мемлекеттік емтихандар 05 маусым -19 маусым аралығында өтеді.

Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9-сынып оқушылары төрт пәннен емтихан тапсырады, оның біреуі таңдау пәнінен:

•        ана тілінен (оқыту тіліне сәйкес қазақ немесе орыс тілі) жазбаша емтихан (эссе);

•        математикадан жазбаша емтихан;

•        орыс сыныптар қазақ тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан, қазақ тілінде оқытатын сыныптар орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан;

•        таңдау пәндерінің бірі – физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілінен), шет тілі (ағылшын), информатикадан жазбаша емтихан.

Жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын меңгерген 11-сынып оқушылары бес пәннен емтихан тапсырады, олардың біреуі таңдау пәнінен:

•        алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан;

•        ана тілінен (оқыту тілі) жазбаша емтихан;

•        Қазақстан тарихынан ауызша емтихан;

•        орыс тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен, қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан;

•        таңдау – физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі), шетел тілі (ағылшын), информатика пәндерінің бірінен жазбаша емтихан.

Емтихан материалдарын білім басқармалары дайындайды.

2022-2023 оқу жылы:қорытынды аттестацияға дайындық

Мектепте 9,11 класс оқушыларының қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Мектеп директорының бұйрығымен мемлекеттік қорытынды аттестаттау комиссиясының құрамы бекітілді. Комиссия мүшелері емтихан тапсыратын 9,11 класс оқушыларының тізімдерін дайындап, емтихан пәндерін анықтап, оқушылар мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын бастап кетті. Бекітілген кесте бойынша 9, 11 кластарда аптасына 1 сағаттан тіл, математика, орыс тілі, қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы және басқа да таңдау пәндерінен дайындық сабақтары жүргізіледі.

9-кластарда қорытынды мектеп бітіру емтихандары 02 маусым -13 маусым аралығында; 11-кластар үшін мемлекеттік емтихандар 05 маусым -19 маусым аралығында өтеді.

Ақтөбе қаласы №60 жалпы білім беретін орта мектепті үздік және «Алтын белгі» бітіргендер мониторингісі

Оқу жылыЖалпы түлек саны«Алтын белгі» иегер саны«Үздік» аттестат иегер саны
2016-20171610
2017-20185062
2018-20195010
2019-20205815
2020-20217492
Барлығы248189

Негізгі орта мектепті «үздік» аттестатпен бітіргендер сандық көрсеткіші

2016-2021 оқу жылдары аралығында негізгі мектепті барлығы 646 түлек бітіріп шықты. Оның ішінде «Үздік» аттестатқа иегер оқушылар жыл сайын артып келеді. Соңғы 2020-2021 оқу жылы соңында барлығы 197 түлек негізгі мектепті аяқтаған болса, соның ішінде 25 түлек ерекше аттестат алды.

Оқу жылыЖалпы түлек саны«Үздік» аттестат иегер саны
2016-2017702
2017-2018895
2018-201912011
2019-202017013
2020-202119725
Барлығы64626

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Садыкова Б.Х.


Ақтөбе қаласы «№60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттауды 2021-2022 оқу жылында ұйымдастыру және өткізу қорытындысы

2021-2022 оқу жылы 9,11 класс оқушыларының қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары оқу жылының 2-жартыжылдығынан бастап ұйымдастырылды. Ол үшін мектеп директорының 31.01.2022ж. №24.1. бұйрығымен мемлекеттік қорытынды аттестаттау комиссиясының құрамы бекітілді. Оның құрамына мектеп директоры А.А.Тажимишев – комиссия төрағасы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлар, жоғары санатты мұғалімдер кірді. Комиссия мүшелері емтихан тапсыратын кластардағы оқушылар тізімдері, пәндер, дайындық сабақтарының кестесін жасады. Сонымен қатар, пән мұғалімдерімен, оқушылармен, олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 9,11 кластарда аптасына 1 сағаттан тіл, математика, орыс, қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихынан дайындық сабақтары ұйымдастырылды. Қорытынды емтихандардың кестесі құрылып, емтиханға 70-тен астам пән мұғалімдері тартылды. Емтихан кестесінде емтихан күні, басталу уақыты, пәні, өткізу формасы, бақылау түрі, емтихан алушы мұғалімдер, ассистенттер, өткізілетін орны (аудитория №) көрсетілді. Сонымен қатар, емтихан кезінде әр қабатқа кезекшілер қойылып, мектеп ішінде тәртіп, тыныштық сақтау, емтихан басталуы, аяқталуы уақытында қоңырау соғылу, мектепте, емтихан өтетін аудиторияларда санитарлық талап-нормаларын сақталуы бақыланды. Негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттауды 2021-2022 оқу жылында ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықтың басшылыққа ала отырып, Облыстық білім басқармасынан жіберілген емтихан материалдары емтихан болатын күні сағат 07.00. де электрондық поштаға жіберіліп отырды. Оны уақытында қабылдап алып, оқушы санына қарай көбейтіп, баспаға шығару жауапты тұлғаларға міндеттелді.

Сонымен, 2021-2022 оқу жылында мектеп бойынша 9 кластарда барлығы 198 түлек (оның ішінде 42 оқушы орыс кластарда), 11 кластарда барлығы 51 түлек ( оның ішінде 16 оқушы орыс класында) бітіргелі отыр.

ҚР БҒМ 18.03.2008ж. №125 бұйрығы негізінде бекітілген «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесінің» 4-тарауының 50,51 тармақтарына сәйкес денсаулығында ақауы бар оқушылар емтихандардан босатылуы тиіс. Аталған тармаққа сәйкес осындай оқушылардың құжаттары дайындалып, бұл жөнінде қалалық білім бөліміне ұсынысхат жіберілді. Нәтижесінде ОББ 17.05.2022 ж №174 бұйрығы негізінде 9-кластарда 1 түлек денсаулығына байланысты мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарынан босатылды. Бұл оқушыға негізгі орта білім туралы аттестаттағы бағалары жылдық қорытынды бағалар негізінде қойылады.

9кластарда 197 түлек, 11кластарда 51 түлек жылдық қорытынды бағалалары бойынша 25.05. 2022 ж. №6 педкеңестің шешімімен мемлекеттік қорытынды емтихандарға жіберілді.

9кластарда емтихандар 28мамыр – 06 маусым аралығында кесте бойынша оқу тілі, математика, қазақ кластарындағы орыс тілі және әдебиеті, орыс кластарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері және 1 таңдау пәндері (Қазақстан тарихы, биология, география) бойынша ұйымдастырылды. Емтихан болатын күні мектептің электрондық поштасына келген құпиясөз көмегімен емтихан материалдары алынып, оны тиісті данада дайындалды. Емтихан материалдары аттестаттау өткізу ережелеріне сәйкес комиссия мүшелері қатысуымен пакеттен ашылды, атап айтқанда, эссе тақырыптары емтиханнан 15 минут бұрын, бақылау есептері 1 сағат бұрын ашылды. Емтихан материалдарының сәйкестігін тексеру барысында комиссия мүшелері  02 маусым күні ашылған пакетте 9 орыс кластарына арналған «География» пәнінен берілген жауап кілттерінен жіберілген қателіктерді дер кезінде анықтады, бұл туралы акт жасалды. Басқа емтихан материалдары уақытында, дұрыс алынып отырды. Әр емтихан күні материалдарды ашу рәсіміне комиссия мүшелерімен қатар, оқушылар да қатыстырылды.

Негізгі орта мектеп бітіруші түлектерден 21 түлек жыл соңында барлық пәннен «5» деген бағаға аяқтап, «үздік» аттестаттқа үміткерлер тізіміне ұсынылған болатын. Осы оқушылар барлық емтихандарда «5» деген бағаға тапсырып, жоғары деңгейдегі білімін көрсете алды.

11 кластарда 27мамыр – 10 маусым аралығында 5 емтихан өтті: оқу тілі, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы, қазақ кластарындағы орыс тілі және әдебиеті, орыс кластарындағы қазақ тілі мен әдебиеті және таңдау пәндерінен (география, биология, физика, ағылшын тілі, дүниежүзі тарихы, әдебиет пәндері) бойынша ұйымдастырылды. Емтихан жұмыстары сол күні тексеріліп, емтихан, қорытынды бағалары хаттамаға енгізіліп, электрондық журналға қойылды.

 Мектеп бітіруші 11 класс түлектерінен 5 түлек «Алтын белгі» төсбелгісіне, 2 оқушы «үздік» аттестатқа  үміткер болды. Осы оқушылар мемлекеттік аттестаттау емтихандарын ойдағыдай тапсырып, өз деңгейінде білімдерін көрсете алды. «Алтын белгіге» үміткер түлектердің қазақ тілінен эссе, алгебра және анализ бастамаларынан орындаған емтихан жұмыстары облыстық білім бөлімі жанынан құрылған комиссияда қаралды. Емтихан аяқталған бойда 15 мин ішінде ол жұмыстарды сканерлеп, комиссия почтасына электронды түрде жөнелтіліп және 2 сағат ішінде оқушы жұмысының түпнұсқасын комиссияның қарауына жеткізілді. Облыстық тексеру комиссиясының шешімімен  «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер 5 оқушының жұмыстары жоғары балл жинап, «5» деген баға алды.

Қорытынды:

  1. Қорытынды аттестаттау комиссиясының жұмысы өз деңгейінде ұйымдастырылды.
  2. Емтихандар кесте бойынша, уақытында өтті.
  3. Емтихан материалдары, тиісті құжаттар уақытында рәсімделді.
  4. Емтихан мұғалімдері, класс жетекшілер, кезекшілер  міндеттерін жауапкершілікпен атқарды.

ДОІЖО        Садыкова Б.Х.


Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу іс-шаралары кезеңінде негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттауды 2020-2021 оқу жылында ұйымдастыру және өткізу туралы

2020-2021 оқу жылы 9,11 класс оқушыларының қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары 2-жартыжылдықтан бастап ұйымдастырыа бастады. Ол үшін мемлекеттік қорытынды аттестаттау комиссиясының құрамы мектеп директорының 30.01.2021. №37.1. бұйрығымен бекітілді. Оның құрамына мектеп директоры А.А.Тажимишев – комиссия төрағасы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлар, жоғары санатты мұғалімдер кірді. Комиссия мүшелері емтихан тапсыратын класс тізімдері, пән атаулары, дайындық сабақтарының кестесін дайындайды. Сонымен қатар, пән мұғалімдерімен, оқушылармен, олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 9, 11 кластарда аптасына 1 сағаттан тіл, математика, орыс, қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихынан дайындық сабақтары ұйымдастырылып, класс жетекшілер оқушылардың қатысымын қамтамасыз етті. Сәуір айының 2 жартысында қорытынды емтихандардың кестесі құрылып, оған 60тан астам пән мұғалімдері тартылды. Емтихан кестесінде емтихан күні, басталу уақыты, пәні, өткізу формасы, бақылау түрі, емтихан алушы мұғалімдер, ассистенттер, өткізілетін орны (аудитория №) көрсетілді. Сонымен қатар, емтихан кезінде әр қабатқа кезекшілер қойылып, мектеп ішінде тәртіп, тыныштық сақтау, емтихан басталуы, аяқталуы уақытында қоңырау соғылу, мектеп кіреберісінде емтиханға келген оқушылардың, емтихан алушы мұғалім мен ассистент мұғалімдердің  дене қызуын өлшеу, санитарлық талап-нормаларын сақталуын бақылау жұмыстары да орындалды. Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу іс-шаралары кезеңінде негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттауды 2020-2021 оқу жылында ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықтың басшылыққа ала отырып, мектеп директорының 12.05.2021ж №127 бұйрығы негізінде қорытынды аттесттатау материалдарын қабылдап алуға жауапты маман Б.Садыкова және техникалық хатшы Нуралиева Н. бекітілді. Облыстық білім басқармасынан жіберілген емтихан материалдары емтихан болардан 1 күн бұрын сағат 17.00. ден кейін электрондық поштаға жіберіліп отырды. Оны уақытында қабылдап алып, оқушы санына қарай көбейтіп, баспаға шығару жауапты тұлғаларға міндеттелді.

Сонымен, 2020-2021 оқу жылында мектеп бойынша 9 кластарда барлығы 197 түлек (оның ішінде 25 оқушы орыс тілінде оқытылады), 11 кластарда барлығы 74 түлек ( оның ішінде 13 оқушы орыс тілінде оқытылады) бітіргелі отыр.

ҚР БҒМ 18.03.2008ж. №125 бұйрығы негізінде бекітілген «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесінің» 4-тарауының 50,51 тармақтарына сәйкес денсаулығында ақауы бар оқушылар емтихандардан босатылуы тиіс. Аталған тармаққа сәйкес осындай оқушылардың құжаттары дайындалып, бұл жөнінде қалалық білім бөліміне ұсынысхат жіберілді. Нәтижесінде ОББ 19.05.2021ж №137 бұйрығы негізінде 9-кластарда 2 түлек, 11 кластарда 3 түлек денсаулықтарына байланысты мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарынан босатылды.

9кластарда 197 тулектің 195і, 11кластарда 74 түлектің 71і жылдық қорытынды бағалалары бойынша 25.05. 2021ж. №6 педкеңестің шешімімен мемлекеттік емтихандарға жіберілді.

9кластарда емтихандар 28мамыр-05 маусым аралығында кесте бойынша қазақ, орыс тілі, алгебра, қазақ кластарындағы орыс тілі және әдебиеті, орыс кластарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша ұйымдастырылды. Емтиханнан 1 күн бұрын электрондық поштаға келген құпиясөз көмегімен емтихан материалдары алынып, оны ертеңгі күнге тиісті данада дайындалды. Эссе тақырыптары емтиханнан 15 минут бұрын, бақылау есептері 1 сағат бұрын ашылды. Емтихан материалдарының сәйкестігін тексеру барысында комиссия мүшелері 02маусым күні ашылған пакетте 9 орыс кластарына арналған бақылау есептерінде қателіктерді дер кезінде анықтап, бұл туралы акт жасалды. басқа келген емтихан материалдары уақытында, дұрыс алынып отырды. Әр емтихан күні материалдарды ашу рәсіміне комиссия мүшелерімен қатар оқушылар қатыстырылды.

Негізгі орта мектеп бітіруші түлектерден 25 түлек жыл соңында барлық пәннен «5» деген бағаға аяқтап, «үздік» аттестаттқа үміткерлер тізіміне ұсынылды. Осы оқушылар жоғарыда аталған емтихандарда «5» бағаға тапсырып, жоғары деңгейдегі білімін көрсете алды.

11кластарда 01маусым – 10 маусым аралығында 4 емтихан өтті: оқу тілі, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы, қазақ кластарындағы орыс тілі және әдебиеті, орыс кластарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша ұйымдастырылды. Емтихан жұмыстары сол күні тексеріліп, емтихан, қорытынды бағалары хаттамаға енгізіліп, электрондық журналға қойылды.

 Мектеп бітіруші 11 класс түлектерінен 9 түлек «Алтын белгі» төсбелгісіне, 2 оқушы «үздік» аттестатқа  үміткер болды. Осы оқушылар мемлекеттік аттестаттау емтихандарын ойдағыдай тапсырып, жоғары білімдерін көрсетті. «Алтын белгіге» үміткер түлектердің қазақ тілінен эссе, алгебра және анализ бастамаларынан орындаған емтихан жұмыстары облыстық білім бөлімі жанынан құрылған комиссияда қаралды. Емтихан аяқталған бойда 15 мин ішінде ол жұмыстарды сканерлеп, комиссия почтасына электронды түрде жеткізу және 2 сағат ішінде оқушы жұмысының түпнұсқасын комиссияның қарауына жеткізіліді. Бұл жұмыстар уақытында жеткізілді. Облыстық тексеру комиссиясының шешімімен 9 «АБ» үміткер оқушылардың жұмыстары жоғары балл жинап, «5» бағаланды.

Қорытынды:

  1. Қорытынды аттестаттау комиссиясының жұмысы өз деңгейінде ұйымдастырылды.
  2. Емтихандар кесте бойынша, өз уақытында өтті, кешіккен, қалып қойған оқушылар болған жоқ.
  3. Емтихан материалдары, тиісті құжаттар уақытында рәсімделді.
  4. Емтихан мұғалімдері, класс жетекшілер, кезекшілер өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарды.