"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Әлеуметтік педагог жұмысы…

Қай заманда болмасын қоғамның алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі-денсаулық сақтау мәселесі екені даусыз. Бұл мәселе қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің төмендеуі және экологиялық бұзылуы орын алып тұрған заманда тезірек шешімін табуды қажет етіп отыр. Осыған байланысты дүниежүзінде денсаулықты сақтауға, әлеуметтік жағдайдың оңды болуына  бағытталған шаралар іске асырылуда. Қазақстан халқына жолдауында Н.Ә.Назарбаев былай дейді: «Біздің жас мемлекетіміз өседі және орнығып нығаяды, онымен бірге біздің балаларымыз бен немерелеріміз де өсіп жетіледі. Олар ұрпағының жауапты да жігерлі әрі жақсы білім алған, денсаулығы мықты өкілдері болады. Бізге өз қоғамымызды құруымызға қарай азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болып, оларды қоршаған ортаның таза болуы үшін күш салуымыз керек».  Елбасымыздың  жолдауы  білім саласында жүзеге асырылуда.

Осындай ауқымды істердің бірі мектебімізде де жүргізілуде. Мектебіміздің  әлеуметтік педагогі  Әлменбет  Жанар Жолайқызы  кластардың  әлеуметтік паспорты бойынша оқушылардың әлеуметтік деңгейін анықтап, тиісті қамқорлық шараларын өткізді. Мектебіміздегі аз қамтылған отбасылар саны, ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны, жетім балалар саны, үйден оқытылатын оқушылар саны, инклюзивті бағдарламамен оқытылатын оқушылар саны, «Мектепке жол» акциясында көмек алған оқушылар саны, киім  және оқу құралдарымен  қамтылған оқушылар саны анықталды. Мектебімізде әлеуметтік жағдайына байланысты  көмек қажет ететін оқушылар саны жылдан-жылға артып келеді. Дегенмен де мектеп әкімшілігі әр оқушының көңілінен жол тауып, көмек қолын беруде.  Мектебіміздің салыстырмалы сандық өзгерісін  мына кестеден көруге болады.

Әлеуметтік жағдайы 2016-2017 оқу жылы 2017-2018 оқу жылы
1 Аз қамтылған отбасылар саны 186 260
2 Ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны 183 256
3 Жетім балалар саны 11 11
4 Үйден  оқытылатын оқушылар саны 8 6
5 Инклюзивті бағдарламамен оқытылатын оқушылар саны 5 9
6 «Мектепке жол» акциясында көмек алған оқушылар саны 25 52
7 Киім және оқу құралдарымен қамтылған оқушылар саны 149 126

Оқушылардың құнарлы тағаммен, сапалы киіммен қамтылуын мектеп әкімшілігі,  мектептің әлеуметтік педагогі және класс жетекшілер күнделікті қадағалау жұмыстарын жүргізіп, өз тараптарынан қолдау көрсетіп отырады. Әр адамзаттың мұқтаж  жанға  пейілі  кең  болса,   ұрпағымыздың дені сау, өміріне сызат түспесі анық.

Кужахметова А.С.