"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Үш ауысымда оқытуға көшу – күрделі мәселенің күрмеуін шешпек!

Биылғы оқу жылы бойынша №60 жалпы білім беретін орта мектебінің басты мәселелердің бірі – ІІ тоқсаннан бастап, мектептің бастауыш кластарын оқытуда үш ауысымға көшіру басты назарға ұсынылды. Себебі 2016-2017 оқу жылының есебі бойынша осы білім ордасында 1678 оқушы білім алса, 2017-2018 оқу жылында 2256 оқушымен толығып отыр, яғни  білім алушылар саны 578-ге  артып отыр. Соның ішінде бастауыш кластарында 1422 оқушы, бұл мектептің 63% құрайды екен.  Мектепте 93 класс комплектісі бар, оның 57 класс комплектісін бастауыш кластары, бұл былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 20 класс комплектісіне артып отыр. Бастауыш кластары : 1-класс – 16 класс комплектісін (416 оқушы), 2-класс – 17 класс комплектісін (418 оқушы), 3-класс – 14 класс комплектісін (340 оқушы), 4-класс – 10 класс  комплектісін (248 оқушы) құрайды. Жаңа бағдарлама бойынша оқыту тілі қазақ тіліндегі 1-2 класс оқушыларына ағылшын тілі, орыс тілі және өзін-өзі тану пәндері,  оқыту тілі орыс тіліндегі кластарда қазақ тілі екі топқа бөлініп оқытылады. Сонымен қатар 5 арнаулы класс кабинеттері (химия, физика, биология) және мұғалімдер бөлмесі, гардероб кабинеттеріне дейін класс кабинеттеріне айналды. Бастауыш кластарында І ауысымда 29 кабинет, ІІ ауысымда 28 кабинет қамтылған. Мектеп кабинеттерінің жетіспеуіне бұл жағдай бірден-бір себепкер десе де болады.

Мектеп басшылығы класс кабинеттерінің жетіспеуіне байланысты бастауыш сыныптарын ІІ тоқсаннан бастап үш ауысымға көшіруді жоспарлап отыр. І ауысымда  1-сыныптар және 3«А», «Г», «Ғ», «Ж», «И», «З» кластары сағат 8.00 ден – 11.40 дейінгі аралықта оқыса, ІІ ауысымда 2-кластар және 3 «Б», «Ә», «Л», «Д», «Қ» кластары 12.00-15.40 аралығында оқиды. Ал ІІІ ауысымда 4-кластар және 3«В», «Е», «К» кластары оқитын болды. Үзіліс уақыты – 5 минутты құрайды. Үш ауысымға көшудегі ұтымды жақтарға тоқталатын болсақ: 5 арнаулы кабинеттер өз мақсатында жұмыс жасайтын болады, топқа бөлінетін пәндерге кабинет тапшы болмайды, арнайы мұғалімдер бөлмесі болады, гардероб іске қосылады.

Мектептегі бастауыш кластарын  үш ауысымға көшіру – оқушылардың білім алуына қолайлы жағдай туғызып,  шағын аудиторияда тілді жетік меңгеуіне, өзін-өзі дамытуына мүмкіндік берері сөзсіз. Мектептің көш ілгері дамуы – осындай күрделі мәселелердің үйлесімді шешім табуымен де өзектес екенін айтуға болады.

Садырова Актилек Карловна