"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Біліктілік санаты – еңбек жемісі

Ұстаз еңбегі қашан да ізденіс пен табандылыққа толы. Бойларына үлкен жауапкершілік жүктеген ұстаздарымыз талмай еңбектенген жұмыстарының оң нәтижесін біліктілік санаты арқылы дәлелдеп келеді.

Мектебімізде біліктілік санаттарын алған мұғалімдер саны жылдан жылға артып келеді. 2016-2017 оқу жылында 13 ұстаз болса, 2017-2018 оқу жылында 26 ұстаз біліктіліктерін растап, алғалы отыр. Атап айтсақ, былтырғы оқу жылында  ІІ-санат Ишаулова А.Ж-ға уақытынан бұрын тағайындалып, Тамбаева К.К.  уақыты өткендіктен қайта растаса, биылғы оқу жылында Құдайбергенова Д.Н., Көбесінова О.К., Ниязбаганбетова А.А.,  Тилакбаева Т.Б., Нуркасова А.Е., Сарбаева Р.А., Ермагамбетова С.Н., Ерназарова М.Е  тағайындалғалы отыр, Касимов Е.Н., Кожабаева М.К., Макашев А.М. уақытынан бұрын тағайындалғалы жатыр, ал Обаева М.О мен Сайымова Г.К., Биманова Б.Т. қайта растағалы отыр.  Ал І-санат былтырғы оқу жылында Бибитова Н.Т., Турганбаева М.Б., Акилбекова Ж.Е., Жадырасынова С.М. тағайындалса, Сагиндикова А.С., Орынбекова Д.О., Мураталиева И.С., Мажитова Ш.У.  қайта растаса, ағымдағы оқу жылында Бекпанов А.Т., Жұмағалиева А.А., Отаралина А.Е-ге тағайындалмақ. Қарагозин Қ.М уақытынан бұрын алғалы отырса, Калмагамбетова Б.М., Қадырова Г.К. қайта растағалы отыр. Өткен оқу жылында жоғары санатты Нуртазина Б.Ж., Карибаева И.А., Романова М.К қайта растаса, биылғы оқу жылында Канапина Г.С., Қожан С.Ж., Тажимишев А.А., Хамитова Г.Ш. тағайындалғалы жатырса, Конарова Г.С., Қожахметова А.С. қайта растамақ.

Аталған ұстаздар біліктілік санаттарына лайық жұмыстанып, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында еңбек етіп келеді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Садырова Актилек Карловна