№60 жалпы білім беретін орта мектебінде 22- 27 қаңтар аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәндік бірлестігінің апталығы өтті. Апталық оқушылардың рухани көкжиегін кеңейте отырып, ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру және ұлттық сана-сезімі мен мәдениеті жоғары, эстетикалық талғамы биік, бәсекеге қабілетті тұлғаның шығармашылығын дамытуды мақсат етті.
Іс- шаралар жоспарға сай жүргізілді. Апталық барысында бастауыш кластарда тәжірибелі ұстаз Дүйсенкулова М.К «Нәтиже сабақ» және жас мамандар Ілімбаева А.С, Тиышбай М.Қ «Біздің спортшылар» деген тақырыпта ашық сабақ берді.
Жаңартылған білім мазмұны бойынша 5 кластарға Романова М.К қазақ әдебиетінен А.Байтұрсынов «Егіннің бастары», Турганбаева М.Б қазақ тілінен «Тәуелсіз елім- Қазақстан», Джубанова Г.Б «Қайырымдылық – қадірлі қасиет» атты ашық сабақтарын ұсынды.
5- 11 кластар арасында Бозлакова А.Д 7«А» класында М.Әуезов «Әңгіме.Пейзаж.Суреттеу» Искарина Л.Т 8«Ә» класында М.Дулатов «Шешенің балаларын сүюі», Кульжанов А.Б 10«Ә» класында«Абайдың қарасөздері», Бүркітәлі А 6«А» класында М.Әлімбаев «Анам тілім ғажап тіл деп айта аламын» тақырыптарындағы ашық сабақтарында өзіндік іс- тәжірибелерімен бөлісті.
Жас мамандар Ілімбаева А.С мен Тиышбай М.Қ және Шамгунова Б.С мектеп кітапханасында «Ертегілер елінде» және «Мүшел жас» тақырыбында сыныптан тыс шаралар ұйымдастырды.
27.01.2018 жылы «Тіл- сарқылмас қазына» атты апталықтың жабылуы оқушылардың мәнерлеп оқуымен, ән- биімен өз мәресіне жетті.
«Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек» атты поэзия кеші М.Мақатаевтың туған күні 9 ақпанға шегерілді.
Өткізілген шараларға мектеп мұғалімдері мен оқушылар белсене қатысты.
Қазақ тілі- атадан балаға жеткен ұлы құбылыс. Дүние жүзіндегі ең бай, бейнелі, таза, өткір, терең, күшті кең тіл ретінде саналады. Өткен ғасырдың өзінде француз ғалымы Жорри де Манси: «Қазақ тілі түркі тілдері ішіндегі ең таза тілдердің бірі» деп тамсанған екен.
Искарина Л.Т