"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Жақсының – жақсылығы!

Жақыны түгілі, жауына да көмек қолын созуға әр кез дайын тұратын қазақ армысын. Ақтөбе қаласында өткізілген тағы бір қайырымды іспен таныстырмақпыз. Қайырымдылық акциясы сал ауруына шалдыққан Есет пен Бекеттің ем – домына қаражат жинау мақсатында өткізілді.

28 қаңтар күні қаламызда қайырымдылық акциясына орай үстел теннисінен ерлер арасында жасақталған «Жүректен жүрекке» еріктілер тобы мен  «AKTOBE BULLS» теннис орталығы командалары арасында сайыс өткен болатын.

Бұл жарысқа, жақсылыққа жаны құмар кез келген ерікті қатысуына болатын. Айтулы шарадан біздің мектептің ұстаздары мен оқушылары да сырт қалмады. Атап айтсақ, Ишаулов Жарас, Тұрғанбаева Гүлбақыт, Төрежанова Нұршат, және де 6 – 8 сынып оқушылары:  Әбиева Ақниет, Букаев Тамерлан, Хабиболлин Азат, Тыныштықбаев Нұрбол. Бұл жарыс, аталған оқушылардың үстел теннисі спортынан өз біліктілігі мен шеберлігін шындай түсуге керемет мүмкіндік болды. 56 қатысушының ішінен оза шапқан біздің саңлақтар, түрлі алғыс хаттар мен марапатталды.

Қайырымды қала тұрғындары мен жанашыр жандар ұйымдастырған шарадан 50 000 теңге көлемінде қаражат жинақталды. Жиналған бар қаражат Есет пен Бекеттің анасына қолма қол тапсырылды.

  Бүркіталы А.М.