Алланың алдында тең демесеңіз, бұл дүниеде адам баласының бірі-ілгері, бірі, бәрібір- кейін. Бірақ, осы жөңкілген жұрттың арасында да өзгелерден биіктеу тұратын адамдар да бар.
Қайырымдылық-халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа-жан риза» дегендей жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.
Қазір мектебімізде түрлі қайырымдылық іс-шаралар өткізіліп тұрады. Атап айтсақ, тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен 50-ге жуық оқушы Happylon ойын-сауық орталығына барды. Аталмыш іс-шараны жүзеге асыруға ат салысқан Happylon орталығы мен Vkusbliny орталықтарын атап кетсек артық болмас. 1 «Ә», 3 «Ж» класының ата-анасы Таубековтар отбасы да балалардың көңіл-күйін көтеруге мүмкіндік туғызып, дәнекер болды.
Мұның бәрін тілге тиек етіп отырған себебіміз, осы өмірде қандай да бір игілікті, қайырымды істеріміздің Алланың назарында болатыны сөзсіз. «Жақсылықтың қайтарымы көп болады» демекші, сауапқа ұмтылуды баршамызға нәсіп етсін.
Мақала авторы: Бозлакова Аида Джумабаевна