Ағылшын тілі әдістемелік бірлесітігінің апталығы жұмысының талдауы 2018 жылдың 05.02.-10.02. ақпан аралығында ағылшын тілінің қолданыс аясын кеңейту, тілдің мәртебесін көтеру мақсатында №60 орта мектебінде ағылшын тілі бірлестігінің «English is аroud us » атты ағылшын апталығы өткізілді.
Апталықтың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен тіліндамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, шет тілін құрметтеуге үйрете отырып, оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдыландыру. Мектеп ішінде директордың бұйрығымен жоспар жасалып, іс-шаралар ұйымдастырылды. Құрылған жоспар бойынша барлық сыныптар қамтылды. Апталық салтанатты жиынмен басталды. Салтанатты сап түзеу мемлекеттік Әнұраннан басталып, жоғарғы сынып және ағылшын мұғалімдерінің жасаған әзірлемесі бойынша жүргізілді. Ағылшын тілі бірлестігінің құрылған жоспары бойынша апталықтын салтанатты ашылуы, ашық сабақтар, сыныптан іс-шаралар өткізілді. Атап айтар болсақ, 05.02. «Describing Appearances», 05.02. «Funny breaks», 06.02. «Fauna of Kazakhstan» және т.б.
Мектептің оқу – тәрбие үрдісінде пәндік бірлестіктердің атқаратын жұмыстарының зор екендігі белгілі. Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі түрлерінің бірі – пән апталықтарын өткізу. Біздің мектебімізде пәндер бойынша пәндік апталықтарын өткізу дәстүрге айналған. Өткізілетін іс – шаралар мен ашық сабақтар жоспарлары онкүндіктің басталуына дейін әдіс – бірлестігінің жетекшісіне бекіткізілді. Онкүндіктің өткізудегі мақсаты ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушыларға сабақта және сабақтан тыс қосымша білім бере отырып, олардың білімге деген қызығушылықтарын арттырып, ізденістері мен танымдарын қалыптастыру, өз беттерінше шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру қабілеттерін дамыту болды. Шығармашылық тапсырмаға барлық сыныптар ат салыса қатысты. Әрине, бұл оңай болған жоқ, бірақ ізденіс пен талаптану және еңбектену нәтижесінде барлық сыныптар өз өнерлерін ортаға салды.
Қорытындылай келе ағылшын бірлестігінің бір аптаға негізделген апталығы оқушыларға өзіндік шабыт, шет тілінің маңыздылығын таныта білді.
Ілімбаева А.