"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Мен сенімен біргемін.

№60 жалпы білім беретін орта мектебінде оқу-тәрбие бөлімінің 2017-2018 оқу жылына жоспарланған жылдық жоспары негізінде «тәрбие жұмысын психологиялық және әлеуметтік педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету мақсатында ақпан айында «Мен сенімен біргемін» атты қайырымдылық жәрмеңкесі  ұйымдастырылды.

Мақсаты-әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған,көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасыларының балаларына ,жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету.

Осындай игі істердің ұйымдастырылуына мұрындық болып, «атымтай-жомарттық » таныту-қазақ халқына ғана тән ерекше қасиеттердің бірі. Ата- бабадан   қалған осындай игі іс біздің мектебімізде де жалғасын тауып, көптеген  жаралы жүректерге нұр сыйлады. «Мен сенімен біргемін» қайырымдылық жәрмеңкесі  өткізіліп,оған мектептегі  5-9- класс  оқушылары жоғары деңгейде өз үлестерін  қосты.Одан түскен  102600 теңге көлеміндегі қаражат мектебіміздегі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылардың тұрғын үй жинақ банкі есеп шотына аударылатын болды.

Қазақ халқы –жетімі мен жесірін жылатпаған,жандары жаралы, жылы сөзге зәру жандарды  өмір атты тайғақ жолдан құлатпаған мейірімді халық.

Жомарт болу-өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу.Пейілі кең,жүрегі мейірімге толы ізгі жандар қашан да жақсылық жасаудан,өзгеге қуаныш сыйлаудан жалықпайық.

 

     Мақала авторы:                   М.К.Романова