"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Есте қалған апталық

Орыс тілі-орыс халқының ана тілі.Үнді-еуропа тілдерінің шығыс-славян тілдері тобына жатады.Орыс тілі-әлемдегі ең беделді,ең көп таралған тілдердің бірі.БҰҰ-ның ресми тілдерінің бірі болып саналады.

Орыс тілі мен әдебиетіне арналған апталық №60жалпы білім беретін мектепте 2018 жылдың 12 ақпанында басталды.

Әр күн өзінің бағдарламасымен ерекшеленді.Бірінші күні оқушылар жиында орыс тілінде өлеңдер мәнерлеп оқыды.Апталық орыс халқының «масленица» мейрамымен сәйкес келгендіктен оқушыларға құймақ таратылды, 10 класс оқушылары өзіндік әуені бар төрт я екі жолды күлдіргі өлең,тақпақтар айтты.

Апталық барысында 5 «Е» класында Ж.С.Баймаханованың ұйымдастыруымен «Брейн ринг», Г.Ш.Хамитова мен Г.Е.Бименова «Орыс әдебиеті әлеміне саяхат» атты кластан тыс шаралар ұйымдастырылды.

7-8 класс оқушылары С.В.Михалковтың мысқыл өлеңдерін сахналау арқылы көрермен жүрегіне жол тапты.7 класс оқушылары өлеңдерін оқыса, 8 кластар сахналық қойылымдарын ерекше ойнады.7 класс оқушылары ақын өлеңдерін оқып көзге түссе,8 кластар актерлік шеберліктерін шыңдады.

3 этаж фойесіндегі көркем әдеби кітаптар,энциклопедиялар,аудармалар оқушы назарын өздеріне аударып тұрды.Қоңырау кезінде қызығушылық танытқан оқушылар орыс тіліндегі әдебитуындылар туралы ойларын толықтырды.Жалпы алғанда орыс тілі апталығы оқушыларға керемет әсер қалдырды.

Аптаның соңы Диплом,Грамота және басқа да сыйлықтар тапсырумен,марапаттаумен аяқталды.

Искарина Л.Т