"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«Балам дейтін жұрты болмаса,жұртым дейтін бала қайдан шығады?»

А.Байтұрсынов.

ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ғасыр талабына сай зерделі, ой-өрісі жоғары азаматты қалыптастыру – мемлекетіміздің стратегиясы болып отыр. Осы орайда мектебімізде дарынды оқушыларды анықтау, олардың қабілеттерін шыңдап әр түрлі сайыстарға, байқауларға, пәндік олимпиадаларға, ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту жұмыстары жүргізіліп келеді. Мектебіміздің ашылғанына аз ғана уақыт болса да, дарынды оқушыларымыздың жетістіктері баршылық. Биылғы оқу жылында Қазақстан Республикасы Кіші ғылым Академиясының Төленді Кәрімұлы Ақтөбе филиалының 22-ші облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына дарынды оқушыларымыз өз жетекші-ұзтаздарының дайындауымен әртүрлі бағыттта баяндамаларын ұсынып, жүлделі орындарға ие болып, дипломдармен марапатталды. Нәтижесінде: мектеп директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ербозымова Мейрамгүл Нұрлановна ғылыми зерттеу жұмыстарына оқушыларды қатыстыру жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Оқушыларымыз  Нұркенқызы Ару мен Әділбекова Нұрай қазақ әдебиеті бағыты бойынша 1-орын, жетекшілері қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері  Романова М.К, Ербозымова М.Н, Сисенова Даяна  8 «В» класс оқушысы этномәдениеттану бағыты бойынша 1-орын, жетекшісі орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Хамитова Г.Ш, Амантаева Нұрай 7 «Г» класс оқушысы физика және астрономия бағыты бойынша 1-орын, жетекшісі физика пәні мұғалімі Илиясова А.Ж, Мереке Қасымхан, Ундыбаева Мадина 8 «Ә» класс оқушылары география және өлкетану бағыты бойынша 2-орын, жетекшісі география пәнінің мұғалімі Мажитова Ш.У, 7 «В» класс оқушылары Әуесханқызы Диана мен Сабыржанова Дильназ тарих бағыты бойынша 2-орын, жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі  Бердигалиева Айгерим, Жұбаныш Жақсылық  8 «Ә» класс оқушысы тарих бағыты бойынша 3-орын, жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Ниязбағамбетова Ақнұр, орыс тілі бағыты бойынша 6 «Ғ» класс оқушылары Сейтжанов Ислам мен Сансызбаева Гүлназ 3-орын, жетекшілері Баймаханова Ж.С, Айтенова А.Т. және осы конференцияға белсене қатысып өз баяндамаларын ұсынған 8 «А» класс оқушылары Муса Диана мен Илиясова Томирис грамотамен марапатталды, жетекшілері Акилбекова Ж.С мен Бекетова Ш.Б. Оқушыларымызға және жетекші-ұстаздарға алдағы республикалық кезеңде сәттілік тілей отырып, жетер жетістіктеріңіз, бағындырар белестеріңіз, алар асуларыңыз көп болсын демекпін.

География  пәнінің мұғалімі: Мажитова Ш.У.