"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«Жақсылықтың жаршысы»

Бүгін мектебімізде “Бақытты бала – Мәңгілік ел кепілі” қайырымдылық жобасын ұлықтау мақсатымен “Екі жұлдыз” ән байқауы өтті. Аталмыш шара – мектебіміздің ұстаздары мен оқушыларының бойында жылы жүрек пен қайырымдылық қасиеттерінің басым екендігінің тағы бір дәлелі болды. Жобада табиғи дауысы бар, күміс көмей әншілік қасиетті бойларына дарытқан мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары бақ сынасты. Байқауға жұп болып ән шырқаған өнерпаздарды атап айтсақ, алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Акилов Марат пен 6″В” класс оқушысы Имашева Дильназдың қатысуымен – “Серпін” дуэтінің, тарих пәні мұғалімі Бердигалиева Айгерим мен 5″В” класс оқушысы Жұмажанов Мансурдың қатысуымен – “Самғау” дуэтінің, биология пәні мұғалімі Талғат Әділет пен 7″Ғ” класс оқушысы Серікқалиев Расулдың қатысуымен – “AR – MEN” дуэтінің, көркем еңбек пәні мұғалімі Жаныбекова Аида мен 8″Б” класс оқушысы Исаева Аймекеннің қатысуымен – “Ай-Жұлдыз” дуэтінің, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Баймукашева Майра мен 5″Ә” класс оқушысы Ақдаулет Исламның қатысуымен – “Алау” дуэтінің, дене шынықтыру пәні мұғалімі Көбейсін Әділет пен 6 “В” класс оқушысы Хайрулла Нұрилланың қатысуымен – “Наз-қоңыр” дуэтінің, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қайназарова Айгерім мен 4 “Ғ” класс оқушысы Сақтағанов Мағжанның қатысуымен – “Жалын” дуэтінің өнерлеріне көрермен қауым тәнті болды. Байқау шарты 2 кезеңді құрады:
1. Патриоттық тақырыптағы әндер;
2. Еркін тақырыптағы әндер.
Байқау қорытындысының нәтижесінде әділ қазылар алқасы шешімімен бас жүлдені “Самғау” дуэті қанжығаларына байлады. Бірінші орын – “Ай-жұлдыз” дуэті, екінші орын – “Серпін”дуэті, ал үшінші орындарға “Наз-қоңыр”, “Алау” дуэттері ие болды. Сонымен бірге “Жалын” дуэті “Көрермен көзайымы”, “AR-MEN” дуэті “Талантты жұп” “номинацияларымен марапатталды.
Мейірімділік пен ізгілікке толы қайырымдылық жобасы – көрерменнің зор ықыласына ие болып, жоғары дәрежеде ән өнерінің құдіретін асқақтатты. Жəне қайырымдылық жобадан жиналған қаражат мектебіміздегі ата-ана қамқорлығынан тыс қалған 11 баланың “Тұрғын үй Құрылыс Жинақ банк” есепшотына аударылады.