"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Мектеп жанындағы “АЙНАЛАЙЫН” жазғы лагері

ҚҰРМЕТТІ АТА – АНАЛАР!
Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Осыған орай мектебімізде 2018 жылдың маусым айының 4- ші жұлдызынан бастап оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында мектеп жанынан “АЙНАЛАЙЫН” жазғы лагерьі 5 пен 12 жас аралығындағы жеткіншектерге арнап өз жұмысын бастамақ.
“Айналайын” жазғы лагерьі 3 мерзім бойынша жұмыс істейді. Әр мерзім 12 күнді құрайды.
1-мерзім: 04.06 – 16.06.2018
2-мерзім: 18.06 – 30.06.2018
3-мерзім: 02.07 – 16.07.2018
Мұндағы өтетін әрбір күн өзінің мазмұндылығымен, тиімділігімен балаларға қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың есінде көпке дейін сақталатынымен ерекшеленбек!!!
Балалардың демалуына барлық жағдай жасалған.
✔Төрт мезгілдік тамақтану: таңғы ас, түске дейінгі ас, түскі ас, бесіндік.
✔ Жеткіншектер оқудан қол үзбейді. Ағылшын тілі, орыс тілінен танымдық оқыту жұмыстары өткізіліп, қызықты ойындар ойнатылып, үш тілді меңгерту.
✔Шығармашылық үйірмелер құрылып, оқушылардың жан- жақты дамуына көңіл бөлінеді.
✔ Спорттық эстафеталар өткізіліп, бассейнге бару.
✔ Өңірлік театр, кинотеатр, мұражайларға, түрлі ойын- сауық орталықтарына саяхат жасау.
_________
“Айналайын” лагерінің бір мерзімдік ақысының құны 13000( он үш мың) теңгені құрайды.
Лагерьге қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:
1) мектеп басшысының атына жазылған өтініш;
2) ата-ананың немесе заңды жауапты тұлғаның жеке куәлік көшірмесі;
3) оқушының туу туралы куәлігінің көшірмесі;
4) лагерьге қабылдануы үшін оқушының № 079/у формасының медициналық анықтамасы;
Ақпарат ретінде айта кетейік: Халықаралық стандартқа сай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Бақытты бала» жобасы аясында жұмыстар жүргізіледі.