23 мамыр күні Ақтөбе қаласы #60 ЖББОМ-те құқықтық тәрбие мен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес отырысына құқықтық кеңестің мүшелерімен бірге, мектеп әкімшілігі және Заречный полиция бөлімінің майоры, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға инспектор, А. Жармаханова және класс жетекшілер, ата- аналар, оқушылар шақырылды. Отырыста күн тәртібіндегі түйткілді мәселелер талқыланып, шешу жолдары қарастырылды. Кеңес төрағасы А.Тажимишев: “Дамыған қоғамда барлық жерде тәртіп пен реттілік орнап, тәртіп бұзушылықтың алдын алып, дер кезінде шешім қабылдаудың маңызы зор. Бұл істе – ұсақ-түйек жоқ. Бір қарағанда ұсақ- түйек көрінетін әрекеттер өрескел құқықбұзушылық жасауға негіз болады”,- деді. Сол себепті талқылау кезінде туындап жатқан өзекті сұрақтарға жауап іздеп күн тәртібіндегі мәселелер кеңінен талқыланды. Құқықтық кеңесте Заречный полиция бөлімінің майоры, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға инспектор А. Жармаханова: “Заң бойынша кәмелетке толмаған оқушылардың кешкі уақытта ата- анасы немесе заңды өкілсіз жүруіне тыйым салынғаны барлығыңызға аян. Заңғы бағынбаған тұлғаларға айыппұл салынып, əкімшілік жауапқа тартылады. Сондықтан да ата- атанар өз жауапкешіліктеріңізді сезініп, міндеттеріңізге немқұрайлы қарамаңыздар”- деп сөзін түйіндеді. Әрбір ата- ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынын қатаң бақылау жасап отырса, жасөспірімдер арасында болатын құқықбұзушылық та болмас еді.