«Әрбір қазақстандық білім — болашақта табысты болудың ең негізгі факторы екенін түсінуі тиіс. Жастардың басымдықтары жүйесінде білім бірінші орында болуы керек. Құндылықтар жүйесінде білімділік басты құндылыққа айналатын болса, онда ұлт жетістікке жетеді», – деп атап өтті Мемлекет басшысы өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында.
2016-2017 оқу жылында ашылған Ақтөбе қаласының «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданындағы №60 ЖББОМ ҚР Білім стандарттарына, Мемлекетіміздің білім беру жүйесінде жүргізіп отырған саясатына сәйкес білім берудің жаңа сатысына бет бұрды. Қазіргі таңда білім ордамызда 2000нан астам оқушы білім алуда. Ашылғанына көп уақыт болмаса да, білім саласы бойынша қол жеткізген жетістіктеріміз аз емес.
2016-2017 оқу жылында мектебіміздің ірі жетістіктерінің бірі – Республика көлемінде өткізілген қазақстандық интернет олимпиадаларының жылдық қорытындысы бойынша №60 ЖББОМ жүлделі 3-орынның кубогы мен Дипломын жеңіп алды. Биылғы оқу жылында да бұл жарысқа мектебіміздің оқушылары мен мұғалімдері белсенді қатысып келеді. Өткен жылы оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша осы олимпиадада 16 жүлделі орынға ие болса, биылғы оқу жылында 38 оқушы республика, облыс көлемінде үздік білім көрсеткені үшін Дипломдармен марапатталды. Осы орайда оқушыларымыздың физика, математика бойынша да озық білімдерін атап өту керек. Осы жылдың басынан бастап өткізіліп келе жатқан КИО додасынан физикадан 2 оқушы 1-орын, 4 оқушы 2 орын, 3 оқушы 3-орын иеленді. Математика пәні бойынша 9 оқушы 1-орын, 10 оқушы 2- орын, 9 оқушы 3-орын алып, пән бойынша үздік нәтиже көрсеткенін мақтанышпен айта аламыз. Бастауыш класс оқушылары да осы жарысқа өз үлестерін қосып келеді. 3-4 кластар арасында 30 оқушы облыс, республика көлемінде үздік нәтиже көрсетіп, Дипломдармен марапатталды.
Жыл бойына өтіп жатқан пәндік олимпиадалар мен конкурстарға оқушыларымыз қалмай қатысып келеді. Қала, облыс шеңберінде 8-11 класс оқушылары биология, физика , құқықтану, орыс тілі, информатика пәндерінен өз білімдерінің нәтижесінде жүлделі орындарға, алғыс хаттарға ие болды.
7-8 кластар арасында Кіші Олимпиадаға 5 оқушы қала бойынша жүлделі орындар, алғысхаттармен марапатталды. Кіші Ғылым Академиясының облыстық кезеңінде қазақ тілі, орыс тілі, орыс әдебиеті, тарих, физика, география, этнопедагогика бағыттары бойынша оқушылар ғылыми жобаларымен шығып, 1,2,3 дәрежелі Дипломдарымен марапатталды.
«Қазақстанның киелі жерлері» республикалық байқауға 11-класс оқушысы Исламғалиева Арай 2-дәрежелі дипломмен, 10-класс оқушысы Мақсотова А. «Платон» халықаралық білім дамыту орталығының 1-дәрежелі дипломымен, 8-класс оқушылары Мереке Қасымхан, Ундыбаева Мадина «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Бақытты бала» жобасы аясында «Арайлы Ақтөбем – туған өлкем!» қалалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға өз жобаларын ұсынып, 3-дәрежелі Дипломдармен марапатталды.
Қазақстандықтардың болашағы — қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруде. Сондықтан мектебімізде 3-ші тіл ретінде ағылшын тілін оқытуға аса көңіл бөлу қажет деп ойлаймыз. Аптасына оқытылатын 3 сағаттан басқа мектепте қосымша ағылшын тілін үйрену үйірмелері жұмыс жасайды. Биылғы оқу жылының басында ашылған бірнеше топтарда қатысушы оқушылар қазірдің өзінде жұмыстың сапасын көрсетуде. Атап айтсақ, Бокаева А.З. тобының оқушылары Нурлан Р, Кадралиева А., Сайлаубаева А. КИО, пәндік олимпиада, «Платон» халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алды. Кобланова А.А. тобының оқушылары Адайбек И. 2-класс оқушысы ағылшын тілінен пәндік олимпиадаға қатысып, үздік нәтиже көрсетті. Ағылшын тілі үйірме жетекшісі Кадырова Г.К. 4 оқушысы КИО дан 2-3 орындар алды, Амантаев Н. 9-кл оқушысы «Платон» халықаралық жарыстарға, құдайбергенова Р. 6-кл оқушысы пәндік конкурста, Бекмурзина Т. 9-кл оқушысы «СМАРТ-3» интеллектуалдық ойынға қатысып, жүлделі орындар алды.
Сонымен қатар, оқушылардың білімін шыңдауда жетістіктерге жетелеп жүрген мұғалімдеріміз де түрлі кәсіби конкурстар мен байқауларда алып жүрген абырой-атақтары да аз емес. Жаратылыстану-математика, тіл, тарих, бағытында өз білімдерімен алдыңғы қатарда болуына мектебімізде барлық жағдайлар қарастырылған.
Оқу жылы әлі аяқталған жоқ, білім беру үдерісі жалғасуда. Жетістіктеріміз мұнымен тамамдалмайды. Алдымызда – мемлекеттік емтихандар. Биылғы оқу жылында негізгі мектеп бітіруші оқушыларымыз – 90, оның ішінде 5 оқушы «Үздік» аттестатқа үміткер, орта мектепті бітіруші 50 оқушының 2-еуі «Үздік» аттестатқа, 6 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер.
Сөзімді қорыта келе, білім ордамыз – Ақтөбе қаласындағы ең үлкен, ең әдемі №60 ЖББОМ оқушыларымыздың сапалы білім алуына, ата-аналардың мектеп жұмысына етене араласуына, мектепті дамуытуда мұғалімдеріміз жас жеткіншектерге сарқылмас білім беріп, оларды ХХІ ғасырдың лайықты тұлғасы ретінде дайындауға бар күш-жігерін аямай еңбек етуге дайын екендігін зор сеніммен айта аламыз.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Садыкова Б.Х.