"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«Мектеп жұмысымен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім» Стронг

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тəрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан, ұстазға жүктелетін жүк ауыр»  деген болатын. Ендеше, бүгінгі  біздің  алдымызда  тұрған  келелі  міндет-оқытудың  жаңа  технологияларын  қолдана  отырып, саналы, рухани  бай, салауатты, жан-жақты  дамыған  жеке  тұлға  даярлау.

Қазақтың кемеңгер ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деген болатын. Сондықтан да, қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру деңгейіне жетуге ат салысуда, ертеңгі  болашағымыздың  сапалы  білім, саналы  тәрбие  алуы – қазіргі  қоғамдағы  ұстаздарға  байланысты.

Оның  ішінде   маған  да байланысты  деп  ойлаймын.  Олай  болса,  өзімді  -өзім  танып, үздіксіз  ізденіп, тынымсыз  еңбектенуім  керек   деген  мақсатпен    бүгінде    танысып, үйреніп  жатқан   Кембриждік  жоба  үлгісіндегі  ұстаздар  біліктілігін  арттыру  курсында  тыңдаушының  бірі  болып  2012 жылы осы бағдарламаның үшінші деңгей біліктілігін тәмамдадым. Бұл бағдарламада жеті модуль берілген. Осы жеті модулде қарастырылған идеялар сабақта жекеленген стратегиялар мен тәсілдер өзара байланыста болады. Біздің  мақсатымыз-  өзімізде  бар   бұрынғы  педагогикалық  құндылықтарымызды, жаңамен  толықтыра  отырып,   жаңа  белестерге  көтерілу.

Аталған бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлелі–өздерінің ойларын еркін  жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.(Мұғалімге арналған нұсқаулық, 6-бет).

Өзім сабақ  беретін 2б класқа 2016 жылдың 21 қарашасынан бастап беріп келемін. Өз сабақтарыма  деңгейлік   бағдарламасы бойынша  әдіс тәсілдерді қолданып жүрмін. Бағдарламаның жетелеуші факторларын игере отырып , тізбектелген сабақтар топтамасына негізгі қағидаттарды енгізуге тырыстым. Әр модульдің элементтерін сабақтарыма қарай ұтымды , орайлы пайдалануға тырыстым. Сабақтарымда оқу мен оқытудағы пәндік білімнің тиімділігін арттыру үшін түрлі жаңа тәсілдерді жүзеге асыруға бағыттадым. Жаңа тәсілдердің сапалы оқыту үшін қолданылуын назарда ұстадым.

Өз сабақтарыма, оның ішінде әдебиеттік оқу, қазақ тілі, жаратылыстану, дүниетану пәндеріне төменде аталған әдіс түрлерін жете қолданамын және осы әдістерді қолдану үстінде балаларым  берілген тапсырмаларды қызыға және ынтамен орындайды:

Insert немесе «түртіп алу» тәсілін жаңа сабақта алу себебім, оқушылардың өз түсініктеріне мониторинг жасауы. Төрт бөлімі арқылы оқушылар өзіне-өзі баға беріп, өзінің білу, түсіну деңгейі қай дәрежеде екенін, жаңалық болған тұсын, қай бөлімді білмейтінін, жаңа сабақ кезінде қандай сұрақ туындағанын біліп отырады. Кітаптағы мәтінмен жұмыс жүреді. Мұғалім көмегінсіз, өз түсініктері бойынша мәтінді талдап, анализ жасай отырып, мәтінді терең түсінулеріне және айналадағы болып жатқан оқиғалардың арасындағы байланысты ажыратуға көмегін тигізеді. Осы тәсілді орындау кезінде оқушылар жұппен, кейін топпен ұжымдасып жұмыс атқарды.

«Ыстық орындық» барысында оқушыны ортаға шақырып, үй тапсырмасы бойынша бірнеше сұрақтар қойылды. «Ыстық орвндық» орындығына белсенді оқушылар  шығып, өзінің оқушылар арасында көшбасшы екенін дәлелдейді.

«Ойлан, жұптас, талқыла» тәсілін пайдаландым.[4] Оқушылар берілген элементтерді табу үшін ойланып жауап қатып және өз ойларын дәлелдеуде екеуара жұптасып, талқыға салуда диалогтік оқыту орын алды. Диалог сабақ кезінде маңызды рөл атқаратынын Мерсер мен Литлтон (2007) айтқандай, ол оқушылардың қызығушылығы мен білім деңгейлерінің өсуіне үлес қосатынын айта кеткен жөн.

Әр сабағымнан оң нәтиже күтіп, табысқа жетуі үшін мұғалім құзыры жоғары деңгейде болуы керек. Ол үшін мұғалім бойында Шульман «мұғалімнің үш көмекшісі» [Shulman, 2007. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 8-бет] деп көрсеткен қасиеттердің болуы міндетті. Шульман айтқан кәсіби түсінік пен оқытудың тәжірибелік дағдылары мұғалімнің басты құралы болып келгені дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Ал, жүрек жылуын басшылыққа алатын Шульманның үшінші көмекшісі – кәсіби деңгейлік тұтастық, өкінішке қарай, бұл қасиет барлық ұстаздардың бойынан табыла бермейтіні анық. Мұғалімдер «ұстаз» мамандығына тән құндылықтарын ұстанып, оқушыға мейірім мен ыстық ықылас таныта білетін адал да, әділетті жан бола білсе ғана, шәкірттің жүрегінен орын алып, сенімдерінен шығатын нағыз құрметке ие жан болары сөзсіз. Осы аталған қарым-қатынас арада орнағандықтан, сабақтардан нәтиже болып, оқушыларымның жақсы көңіл- күйлерін көре алдым. Осылайша, бағдарламаның жеті модулін сабақ барысында қолдана отырып, өткізген сабақтарымнан мамандығыма деген өз сүйіспеншілігім артты. Көпті тамсандыра бермейтін «ұстаз» мамандығының атына сай жоғары деңгейге көтеріп, ұстаздар еңбегіне жаңа серпіліс енгізіп отырған Оқытудағы Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері заман талабына сай туған қажеттілік екенін айтуға болады. Келешекте, бұл жаңа әдіс-тәсілдің өзіме керектілерін меңгеруде талмай еңбектене келе, сабағыма енгізуді мақсат етіп қойдым. Елбасымыз “Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр”- деп айтқандай, ұстаздарға артар жауапкершілік үлкен. Осы жауапкершілікті сезіне отырып, оқушыларды бағалаудағы жеткен жетістіктерімді болашақта әр сабағымда тиімді әрі түрлендіре отырып қолдануға түбегейлі бет бұрамын.

 

  Алдиярова Жанагул Есенкелдиевна