"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Психологиялық қызметтің 2017-2018 оқу жылындағы жүргізілген жұмыстарының жылдық есебі.

Психология-адам жанын зерттейтін ғылым. Бала алғаш мектепке келген кезде ересектермен, басқа балалармен танысады, мінез-құлық ережелері мен нормаларын игереді. Мұғалімдер мен психологтардың балалармен жеке тұлға ретінде қарым-қатынас жасауындағы басты мақсаты – баланы өзі туралы айтуға, өзінің сезімі, ойы, әдеті туралы әңгімелесуге, оны ой елегінен өткізіп баға бере білуге, тек өзіне ғана емес, жанындағы адамдарға да көңіл аударып, оларды өзіндік табиғи болмысымен қабылдап, ізгі ниет ықылас таныта білуге, эмоционалдық көңіл-күй мен мінез-құлықты ұғына білуге үйретуден басталады. Педагог және психолог маманы ретінде, білім беру саласын басқаратын барлық деңгейдегі органдардың шешімін басшылыққа ала отыра, психологиялық қызметтің жүйелі, нәтижелі болуына үлес қосу өте маңызды деп есептеймін.

    Психологиялық қызметтің мақсаты-орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың, тәрбиеленушілердің психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік–психологиялық жағдай жасау және білім беру үрдісінде қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

    Міндеттері:

-білім алушылардың, тәрбиеленушілердің тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;

-білім алушылардың, тәрбиеленушілерге ақпараттық қоғамның жылдам дамуына олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан  көмек көрсету, психологиялық – педагогикалық зерделеу, шығармашылық әлеуетін дамыту, психологиялық түзету және дамыту жұмыстарын жүзеге асыру;

-психологиялық мәселелерді шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтарға консультациялық көмек көрсету;

-білім беру үдерісі субъектілерінің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін көтеру.

2017-2018 оқу жылында жылдық психологиялық қызметтің жоспарды құру барысында мына тізімдегі нормативтік құжаттар ескерілді.

1.ҚР Конституциясы

2.ҚР бала құқығы  туралы заңы

3.ҚР «Білім туралы» заңы

4.ҚР білімінің даму концепциясы

5.ҚР «Неке және отбасы » заңы

6.Психологиялық этикалық кодексі

7.ҚР Білім және ғылым министрінің 2011жылғы 20 желтоқсан №528 бұйрығы

8.Ақтөбе облысы әкімдігінің «Орта білім беру ұйымдарында психологялық қызметтің қағидалары» 2015 жылғы №257 бұйрығы негізінде.

Психологиялық  қызметтің 2017-2018 оқу жылының жылдық жоспарына сүйене отырып,  қыркүйек айында диагностикалық бағыты бойынша оқушылардың психологиялық – әлеуметтік жеке картасын дайындаудан басталды. Сұраныс бойынша жекелеген оқушылардың әлеуметтік жағдайлары зерттеліп, АКТ жасақталды. Мектеп қабырғасына қабылданған 1 класс оқушыларын мектепке бейімделу жағдайын анықтау үшін зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде бейімделуі әлі де қиын оқушылар анықталды олар: 1а –класс бойынша Ануарбек Рашид, 1в класс бойынша Кыдыралин Даулет, 1г- класс бойынша Юсупов Алдияр, Нұрсаят Қайырғали, 1з –класс бойынша Хамит Али, Наурызбаев Амир, 1 и – класс бойынша Вова Владимир, Акдаулет Амина,  атты оқушылар байқалды. Бұл оқушылардың даму деңгейі туралы  класс жетекшілер тарапынан, психологиялық қызмет тарапынан жұмыстар жүргізіліп, класс жетекшілерге, жеке ата-аналарға  ұсыныстар берілді. Әлеуметтік бағыт бойынша қалалық ПМПК шешімімен инклюзивті оқыту «Ерекше» және  «Үйден оқытылатын» оқушылар есепке алынып, жеке карталары жасақталып түзету және дамыту жұмыстары жасалынды. Инклюзивті оқыту бойынша 9 оқушы:

  1. Бағлан Ильхан – 2 к класс
  2. Арслан Иманғали – 3д класс
  3. Қорған Нұрәлі – 6 в класс
  4. Ізмағанбетова Ақсұңқар – 3 е класс
  5. Ступенко Карина – 5 е класс
  6. Ербол Рақым – 6 ғ класс
  7. Ғаниев Ғалым – 7 ғ класс
  8. Амангельдиев Әмірбек – 1 қ класс
  9. Нұғманов Жарасқан – 4 ғ класс

«Үйден оқытылатын» оқушылар: 8 оқушы.

  1. 1. Меңдіғали Арсен – 3 ж класс
  2. Муратов Тамирлан – 7 в класс
  3. Жұбатханова Балауса – 10 а класс
  4. Битлеуов Самрат – 7 б класс
  5. Қалқабай Айшагүл -9 б класс
  6. Орынбасарқызы Жанерке – 1 д класс
  7. Елеусізова Жібек -7 а класс
  8. Данабай Мерей- 1 қ класс

       Қазан айында психологиялық-диагностикалық бағыты бойынша 5-класс оқушыларының бастауыш буыннан орта буынға бейімделу кезеңінің жағдайын зерттеу жүргізілді. Зерттеуге 5-класс бойынша  барлығы   205 – оқушы  қатысты. Оқушылардың  психологиялық ауызекі логикалық даму деңгейлері, қысқа мерзімді есте сақтау, «Социометрия» әдістемелері жүргізілді. Бұл әдістемелер оқушылардың жеке даму  деңгейі мен оқуға психологиялық дайындығын, оқушылардың мектеп өміріне бейімделу процесін анықтау мақсатында жүргізілді. Зерттеу нәтижесінің  қорытындысы бойынша оқушылардың мектеп өміріне бейімделу деңгейлерінің көрсеткіші: даму деңгейлері жай, ауызекі логикалық дамуы  мен қысқа мерзімді есте сақтау деңгейлері төмен  оқушылар 5 а – класс Бердіханов Диас, Аманғалиев Дастан, 5 ә – класс бойынша Оразай Әділет, 5 б -класс бойынша Жаксылыков Мирас, Куанышева Дильназ, 5в-класс Жасланова Наргиза, Муратбекова Інжу, 5 г-класс Тогузбаева Камила, Назарбаева Айдана, 5 ғ-класс Көплеуов Өмірзақ. 5 д-класс Баймуратов Иззат, Кадиржанов Адиль, Сапарбек Сагдиана. 5 е-класс Измухамбетов Ерик. 5 ж-класс Кайырғалиева Айым. Әлі де бейімделу үстінде жүрген 5 а-класс оқушысы Аманғалиев Дастан, 5 г- класс Тогузбаева Камила, 5 д-класс Кадиржанов Адиль, ұзақ мерзімді бейімделетін оқушылар 5 в – класс оқушысы Жасланова Наргиза, 5 г- класс Назарбаева Айдана, 5е-класс Измухамбетов Ерик. Аталған бұл оқушылармен, класс жетекшілері, пән мұғалімдері, психологиялық қызмет тарапынан түзету және дамыту жұмыстары жүргізілді. Бейімделу кезеңінің ұзақ мерзімді оқушыларына 2 оқушы,  жалпы 5-класс оқушылары мектеп жағдайына жақсы бейімделіп, жеке тұлғалық, интеллектуалдық даму деңгейлері бойынша жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Әлі де бейімделу үстіндегі оқушыларға жүргізілген әрбір әдістемені талдап, анықталған нәтиже бойынша ұсыныс беріліп, ұсыныстар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді. Осы жүргізілген психологиялық зерттеу нәтижесімен класс жетекшілер мен ата-аналарға таныстырылып, ұсыныстар берілді.

Әлеуметтік жағынан тұрмысы нашар отбасылармен және балалармен, ерекше назардағы  оқушылармен құқық бұзушылықпен қараусыздықтың алдын-алу бойынша жұмыс жүргізілді. Мектеп бойынша есепте тұрған және тәуекел топ, инклюзивті оқыту бойынша оқытылатын оқушылар,  қолайсыз отбасы балаларының  жеке тұлғасын зерттеу арқылы мінез – құлықтарына педагогикалық-психологиялық мінездеме жазылды.

Консультативтік бағыты бойынша 09-16.10.2017 жылы аралығында “Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын-алу” бағдарламасы бойынша суицид вахтерларын оқытып, дәрістер жүргізілді. Хаттамалары толтырылды.

19-20.10.2017 жылы “Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын-алу” бағдарламасы бойынша ата-аналарға дәріс жүргізіліп, оқушылардан сауалнама алуға ата-аналардан келісім алынды. Хаттама толтырылып, қорытынды есеп, акт жасалынды.

Қараша айында психологиялық-диагностикалық бағыты бойынша ерекше оқытуды қажет ететін оқушылармен  “Өмір, қымбатсың маған” атты тренинг сабақ өткізілді. Ерекше оқытуды қажет ететін  оқушылардың бойларындағы қабілетін аша білу, бірі –бірімен жақсы қарым-қатынаста болуын қалыптастыру. Жан- жақтылыққа үйретіп, өздігінен еңбектенуге үйрету.

Диагностикалық бағыт бойынша 8-10 класс оқушыларына “Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру  және суицидтің алдын-алу” бағдарламасы бойынша сауалнама жүргізілді. Мақсаты: Жоғары қауіп тобына жататын оқушыларды анықтау.

Әлеуметтік жағынан тұрмысы нашар отбасылармен және балалармен , ерекше назардағы оқушылармен құқық бұзушылықпен қараусыздықтың алдын-алу бойынша “Қиын”, “Тәуекел”, есепте тұрған оқушылармен түзету және дамыту жұмыстары жүргізілді. “Аяқталмаған сөйлем” әдісі бойынша топтағы оқушылардың психикалық жай күйі анықталды. Жүргізілген әдіс бойынша оқушылар жоғары нәтиже көрсетті.

Тәрбие бағыты бойынша “Қыз қылығымен” тақырыбында қыздар отырысы өткізілді. Қыздармен әңгімелесе отырып, ар–намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту.

Инклюзивті оқыту бойынша оқытылатын оқушылармен психологиялық түзету және дамыту жұмыстары бойынша сабақ кестесі құрылып күнделікті сабақтар өткізілді. Жеке тұлғаның әлеуметтік өзіндік таным қабілеттерінің даму деңгейін, соның ішінде ой-өрісін дамытатын психологиялық жаттығулар мен ойындар түрі «Мен қандаймын» , «Менің жетістігім» жүргізілді. Таным қабілеттеріне байланысты суреттік тесттер, «Төрт суретті тап», «Артықты ал», есте сақтауға байланысты суреттік тапсырмалар жүргізілді.

Кәсіби бағыт-бағдар жұмыстарына байланысты 9 класс оқушыларына «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында психологиялық тренинг сабақ өткізілді.

6 класс оқушыларына тұлғалық қалыптары мен қағидаларын, өмірде басшылыққа алатын құндылықтарын, адамгершілік-рухани бағдарларын анықтау мақсатында тренинг-сабақтар, сауалнамалар жүргізілді.

Желтоқсан айында диагностикалық бағыты бойынша 8-11 класс оқушыларының мазасыздану деңгейін анықтау мақсатында “Спилберг” әдістемесі арқылы тест жұмыстары алынып, оқушылардың мазасыздық ерекшеліктері зерттелді. Әдістеменің қорытындысы шығарылып, оқушылардың мазасыздық деңгейлері анықталды. «Спилберг» әдісі бойынша жоғары мазасыздық 4%, қанағаттанарлық 14 %, қалыпты 82% көрсеткіш көрсетті.

Тәрбие бағыты бойынша “Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ” атты Республикалық ақпараттық науқанға байланысты оқушылармен сенім телефонын, жәшігін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың зорлық-зомбылыққа қарсы немесе қосатын пікірлерін айту және мазалаған сұрақтарымен, сөйлеу мәнерінің жағдайын зерделеу және дамыту.

11 класс оқушыларымен “Сенім-менің серігім” тақырыбында тренинг сабақ өткізілді. Оқушылардың бір-біріне деген сенімді қарым-қатынас жасауы туралы түсініктерін кеңейту.

16 Желтоқсан – Тәуелсіздік күніне байланысты “Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы” тақырыбында ерекше оқытуды қажет ететін оқушылармен тренинг сабақ өткізілді.

Үйден оқытылатын оқушылармен психологиялық қолдау, оқушылардың зейін, есте сақтау, таным қабілеттерін зерттеу бойынша тесттер, сауалнамалар, деңгейіне қарай тапсырмалар жургізілді. “Артық сөзді тап”, “10 айырмашылықты тап” әдістемелері бойынша тапсырмалар орындалды.

Есепте тұрған оқушылармен жеке кеңестер жүргізіліп, депрессиялық деңгейлерін анықтау, “Қарым-қатынаста қандаймын” тесті алынды.                              II тоқсан демалыс уақытында 11 класс оқушыларымен “Жетістікке жетудің кілті өз қолыңда!” атты психологиялық тренинг-сабақ жүргізілді. Оқушылардың өзіне деген сенімділігі мен өзін- өзі көрсете алу дағдыларын қалыптастыру. Алдына қойған мақсатына жетуге деген тілегін қалыптастыру. Мамандық таңдауда дұрыс жолға бағыттау.

Ата – анамен бала арасындағы қарым –қатынасты бақылау мақсатында, жекелеген ата аналардан «Өз балаңыз туралы не білесіз?» тақырыбында сауалнама алынды.

Қаңтар айында 7-8 класс оқушыларына Айзенк әдістемесі бойынша оқушылардың темперамент типі анықталды.

9 – класс оқушыларына арналған Д.Голлонд  тест жұмысы  алынды. Оқушының кәсіби өзін табу жағдайына психологиялық көмек беру, және қызығушылық қабілетін айқындау.

4 класс оқушыларымен ОЖСБ-ға дайындық барысында Тапқырлық алға тартар”, “Сенімділік күш береді” тақырыптарында психологиялық қолдау сабақтары жүргізілді.

5-6 класс оқушыларының класс арасында лидерлерді анықтау мақсатында социометрия әдістемесі алынды.

Кәсіби бағыт-бағдарға байланысты «Мамандық таңдауда қателесуге бола ма?» атты психологиялық тренинг сабақ өткізілді. Болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу.

Ақпан айында ерекше оқытуды қажет ететін оқушылармен “Мейірімділік – жылулық шуағы” атты психологиялық қолдау сабақ жүргізілді. Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, оқушылардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту.

Қосымша тәрбие жоспарына сәйкес толық емес, сәтсіз отбасы тәрбиесіндегі (R – тобы) балалардың психо-эмоциональдық жағдайын зерттеу мақсатында жұмыстар жүргізілді. “Мен ғажайыппын” атты тренинг-сабақ өткізілді. Оқушылардың психоэмоционалдық жағдайын анықталды, зерттелді.

«Сенің кәсіби ой-ниетің» сауалнамасы жүргізілді. Оқушылардың мамандық таңдау барысында оқушылардың жауабы  78%-ы мамандық адамның қабілетіне, бейіміне байланысты деп тұжырымдалды.

Мектептің әлеуметтік педагогымен бірлесе отырып “Мен сенімен біргемін” атты қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді.

«Бүгінгі мектеп түлегі – ертеңгі елдің тірегі» тақырыбында 11 класс оқушылармен психологиялық тренинг-сабақ өткізілді. Оқушылардың білім шыңына талпынуда алғашқы қадам жасаулары үшін бойларында қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларын білу, ой бөлісу топпен бірге жұмыс жасауды дамыту, оқушыларды сергіту.

Қыз баланы тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз қағидасымен тәрбие мәртебесін нығайту мақсатында  «Инабатты қыз-елдің көркі» атты қыздар жиналысы өтті. Қыздардың жеке гегиенасы, мектептегі тәртіп, сабаққа қатысым, мектеп формасы туралы айтылды.

6-7-8 класс оқушыларымен “Жіптік курс” өткізілді. Жаттығудың өту процесіне қатысушылардың назарын толық аударуға үйрету, тек қана жеңіске жету жолдарын емес, сонымен қатар алға қойған мақсатқа жетуге үйрету.

“Имандылық – жүрекке ұяласа” тақырыбында оқушылардың дінге деген көзқарастарын анықтау барысында психологиялық қолдау сабақ өткізілді. Оқушылар бойындағы мазасыздық, қобалжу, үрейлері азайып сәттілікке бағытталды, ерік-жігерін өз қабілеттерін көрсетті.

Наурыз айында дарынды оқушылармен “Дарындылар елі” атты психологиялық тренинг өткізілді. Дарынды балаларға психологиялық көмек көрсетілді.

9-11 класс оқушыларына кәсіби бағыт бағдар бойынша “Мамандық таңдау -өміріңнің бір бұрышын дұрыс қалау” тақырында тренинг сабақ өткізілді.

Мектеп медбикесімен бірлесе отырып, 5-11 класс қыздары арасында “Сүйкімі дүниенің сұлулықта” тақырыбында қыздар отырысы өткізілді.

Жас мамандармен “Қыңыр оқушылармен жұмыс” тақырыбында дәріс, психологиялық кеңес берілді.

Мектепшілік есепте тұрған оқушылармен “Әрқашан күн сөнбесін” тақырыбында түзету-дамыту сабақ өткізілді. Оқушыларды өзін-өзін ұстай білуге, кез-келген кедергіден шыға білуге, бір-біріне деген достық қарым-қатынасын нығайтып, көмек көрсетуге үйретілді.

Сәуір айында ерекше оқытуды қажет ететін оқушылардың арасында “Ғажайып терапия” тақырыбында терапия жұмыстары жүргізілді.

«Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастару және суицидтің алдын  алу» бағдарламасы бойынша 8 класс оқушыларына суицидтің алдын-алу, “Көңіл күйіңді көтеріп,қуана біл” тақырыбында дәріс сабақ жүргізілді.

Жоспар бойынша 10 класс оқушыларына “Маған өмір қымбат” атты психологиялық тренинг сабақ өткілді.

11 класс оқушыларына ҰБТ туралы кеңес жүргізілді, баяндама оқылды,  “Бақыттың кілті байлықта емес” тақырыбында психологиялық тренинг сабақ жүргізілді. Оқушыға өз өмірінің субъектісі екеніне көзін жеткізуге көмек жасалды. ҰБТ-ны тапсыру кезінде барынша толық өз мүмкіндігін іске асыру туралы кеңес берілді.

“Көңілі көтеріңкі ұстаздың-еңбегі де жемісті” тақырыбында мектеп мұғалімдерімен психологиялық қолдау сабақ өткізілді. “Мұғалім мен оқушы арасындағы жағымды психологиялық ахуал туғызудың жолдары”  тақырыбында дәріс оқылды.

Ерекше оқытуды қажет ететін оқушылардың арасында мектепшілік “Сенсорлы үйшік” байқауы өткізіліп, оқушылар жоғары шығармашылық дәрежедегі дипломдармен марапатталды.

Мамыр айында Мектеп инспекторымен бірігіп “Құқық бұзушылықтың алдын-алу” тақырыбында 5-11 класс оқушыларымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Мектеп алды даярлық класс оқушыларының 1 классқа дайындықтары зерттелінді.

Класс жетекшілермен біріге отырып, оқушылардың оқу әрекетін түзету жұмыстары талқыланып, қорытындысы шығарылды.

11 класс оқушыларымен “Арман болашақ бейнесі” мектеп түлектерінің өз күштерін тексеруге, өзін терең білуге көмектесу мақсатында психологиялық қолдау сабақ өткізілді.

Ерекше оқытуды қажет ететін, үйден оқитын оқушыларға зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қорытынды есеп жазылды.

Мектепте «Сенім жәшігі» мен «Сенім телефоны» жұмыс жасайды, онда түскен оқушылардың , басқа да жеке тұлғалардың ойларына , сұрақтарына жеке және топтық түрде жауаптар беріліп отырылды. Биылғы жылы барлығы «Сенім жәшігіне» – 20 хат түсті, оның ішінде мұғалім тарапынан-2 ата – ана тарапынан –1, оқушы тарапынан –17  хат түсті. «Сенім телефонына» ата-анадан 8 хабарлама түсті. Әр бір хатқа және қоңырауға уақытылы  кеңестер мен ұсыныстар жасалып, тіркеу журналына жазылды.

Әр тұлғаның ішкі жан дүниесін тыңдай отырып, психологиялық көмек беру мақсатында,  кеңес беру жұмыстары оқушылармен топтық және жеке  барлығы – 232, ата аналар үшін – 43, педагогтер үшін-93 әңгімелесулер мен кеңес жұмыстары жасалынды.

Қорытынды:

1 класс оқушыларыныңың даму деңгейі туралы  класс жетекшілер тарапынан, психологиялық қызмет тарапынан жұмыстар жүргізіліп, класс жетекшілерге, жеке ата-аналарға  ұсыныстар берілді.

Мектеп бойынша қалалық ПМПК шешімімен инклюзивті оқыту бойынша «Ерекше» және  «Үйден оқытылатын» оқушылар есепке алынып, жеке карталары толтырылып, оқушылармен жыл бойы түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді.

5-класс оқушылары мектеп жағдайына жақсы бейімделіп, жеке тұлғалық, интеллектуалдық даму деңгейлері бойынша жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Бейімделу кезеңінің әлі де бейімделу үстіндегі оқушыларға жүргізілген әрбір әдістемені талдап, анықталған нәтиже бойынша ұсыныс беріліп, ұсыныстар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді. Осы жүргізілген психологиялық зерттеу нәтижесімен класс жетекшілер мен ата-аналарға таныстырылып, ұсыныстар берілді. Мектеп бойынша есепте тұрған, тәуекел топ оқушыларымен жыл бойына түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді. 9-11 класс оқушыларымен кәсіптік бағыт-бағдар бойынша психологиялық тренингтер, сауалнамалар, тест жұмыстары алынып нәтижелері шығарылды.

Қорыта келе,  жүргізілген психолог жұмысы жоспарға сай жүзеге асып келді. Жүргізілген жұмыстар уақытында қорытындыланып, таныстырылып отырылды. Өткізілген психологиялық шаралар мектеп проблемасымен ұштастырылып отырды.