Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің 24 тамыздағы №11-4/372 хатын басшылыққа ала отырып, мұғалімдердің кәсіби дамуын қалыптастыру және жаңа бағдарлама бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Тәжірибедегі рефлексия» білім беру бағдарламасы бойынша республикамыздың түкпір-түкпірінде 100 академиялық сағат көлемінде мектепішілік курстар оқытылып жатыр. Біздің мектепте де ІІ топта 12 тыңдаушымен жоспар бойынша коучинг сабақтар ұйымдастырып, «Көз – қорқақ, қол – батыр» — демекші, бастапқыда жүрексіне бастаған жұмысымыздың нүктесін де қойдық.
Өзімнің жасаған жұмыстарыма шегініс жасай отырып, «Мектеп тренері» ретінде «Мен неге қол жеткіздім?», -деп ойландым.
Педагогикалық шеберлік орталығында дәріс берген тренерім- Күнсая Ғайнеденқызы: «Ертең мектепке мектеп тренері ретінде барғанда сіздердің алдарыңызға коучингке қатысу уәждері әртүрлі тыңдаушылар келеді.Сіздердің тараптарыңыздан тренер ретінде жоғары кәсіби деңгейдегі мінез – құлық пен өзін-өзі ұстау мәнері қатаң талап етіледі. Әріптестеріңнің арасында «Мектеп тренерімін» деген менменділік болмауы керек» — деп, ескерткен болатын. Иә, бастапқыда сынай қараған да, сүйсіне тыңдаған да, қолдау көрсеткен де тыңдаушы әріптестерім болды.
Бағдарламаның өзектілігі – Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттарымен және міндеттерімен үндеседі. 12 тыңдаушыдан құралған топта алғашқы сабақ топ ережесін құруда көзделген мақсаттар мен міндеттер түйінді идеялар бірлескен топта талқыланып, құрылды.
Мұғалімнің кәсіби шеберлігімен оқушыға білімді қалай оқу керектігін үйренуіне жағдай жасай білуіне әріптестерімен талқылап, сындарлы оқытудың әдіс-тәсілдерін жан-жақты қарап, біліктігін жетілдіру – оның толық қалыптасуына мүмкіндік береді.
Аудиториядағы психологиялық хал-ахуалды реттеп, қызығушылықты ояту мақсатында коучингті «Қызыл кілем», «Айна», Теңіздегі апат», «Өзім туралы кластер», «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдістерімен өткізіп, қатысушылардың тақырыпты меңгеруіне ерекше көтеріңкі көңіл күй қалыптастыру керектігін ескердім. Жаңа тақырыпқа болжау жасау мақсатында аудиторияның топқа бөлінуге де болады. Сол әдістердің бірі – берілген термин сөздерді алып, мағынасына қарай, сыни ойлау жүйесімен үстелдердегі берілген тақырыпшаларға қарай топқа бөлінді. Жеті модульдің аясында сабақ жоспарлаудың маңыздылығын ұғыну үшін алдымен теориялық білімді тәжірибеде қалыптастыру керек болыды. Ол үшін Бронсонның айқындағын өзін-өзі реттеудің 4 саласы – әлеуметтік, эмиционалдық, танымдық, ынталандырушылық аспектілеріне қарай бөліп қарап, флипчартқа моделдеп, ортада жобалап, пікірлерімен бөлісті.
Механикалық жаттығуларға метатану, қайталау, бой жазу жатады. Бұл жаттығуларды түрлі әдістермен сабақтарда тиімді қолдана білсек, оқушының сабақта өзін-өзі реттеуіне тигізер септігі мол. Бұған жағдай жасау үшін берілген механикалық әдістерді топтарға түрлеріне қарай бөліп беріп, берілген аталған жаттығу түрлерін сабақ барысында қалай қолдануға болатынын «Ойлан-бөліс-талқыла» әдісі арқылы орындады. Нәтижесінде жаттығу түрлері топтастырылып, жинақталды, мұғалімдер тиімді жақтарын ой бөлісіп, талқылау арқылы тұжырымдап, ой қорытты. Сыни ойлауға үйрену үшін логикалық тапсырмалар мен сұрақ қою техникалары маңызды рөл атқаратындығы ескеріліп, «Ақылдың алты қалпағы», «Қабырғадағы рөл», «Стоп кадр» әдістері мен рөлдік ойындар топта тапсырмалар барысында жүргізілді.
Жыл бойғы өткізілген коучингте ұтымды шыққан жақтары –сабақ тақырыбын ашу үшін қолданған сұрақтар мен топқа бөлу әдістері және бейне жазбаларды таңдап алып, тыңдаушыға ой салар әдістерді тиімді қолдана білуге дағдылануым. Ал әлі де қарастыру керек мәселелерге тұжырымнамалық кесте толтырудағы түрлі тиімді әдістерді ұтымды қолдана білуім керек екенін ұғындым.
Мектеп тренері ретінде ізденуде неге қол жеткіздім:
Ал, тыңдармандарым неге қол жеткізді?
Болашақта келесі оқу жылына жоспарым бойнша осы топтағы коучингке белсене қатысушылармен желілік қоғамдастық құрып, оқу бағдарламаларын әзірлеу мен жаңа идеяларды ұсыну бағытында жұмыс құрамын құрып, жеті модуль аясындағы сабақтар топтамасын талқылаймыз.
Ғылым мен техниканың өткен сайын жаңарып дамуына бірден бір үлес қосатын әрине бұл ұстаздардың үлесі. Жаңғыру кезеңінде білімді шәкіртіне сусындатып, жетілдіру үшін әрбір мұғалімге ізденіп, оқу қажет. Бұған «Тәжірибедегі рефлексия» курсы негіз бола алады.
Мектеп тренері: Садырова Актилек Карловна