"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Кадырова Гулназ Коштаевна

1985 жылдың 1 шілдесінде Ақтөбе облысы, Мартөк селосында дүниеге келген. 2002 жылы М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балалар мектеп интернатын аяқтады. 2002-2006 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында оқып “Ағылшын және неміс тілдерінің мұғалімі” мамандығына ие болады. 2021-2023 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде білім алып “Шетел тілі: екі шет тілі” мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі атағын алды.

Еңбек жолын 2006 жылы Ақтөбе облысы, Алға ауданы  Бестамақ орта мектебінен бастаған.  2008-2009 жылдары М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық академиясында ағылшын тілі пәнінің оқытушысы ретінде еңбек еткен. 2013-2016 жылдары Ақтөбе қаласы, М.Арын атындағы қазақ орта мектебінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ретінде қызмет атқарған.

2016 жылы Ақтөбе қаласы “№60 жалпы білім беретін орта мектеп” КММ-не ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ретінде жұмысқа қабылданды.

2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.