Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында 1978 жылы туылған. 2001 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Ағылшын тілі» мамандығы бойынша бітірген.
Санаты-педагог –зерттеуші. Еңбек өтілі-24 жыл.
Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қорғантұз орта мектебінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ретінде бастаған (2004-2005ж.ж.)
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Ә.Жангелдин атындағы орта мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімі (2005-2015ж.ж), мектеп әдіскері (2013-2014ж.ж.) жұмысын атқарды.
2015-2016 жылдары Ақтөбе қаласы «Ақбөбек» білім беру орталығында ағылшын тілі пәні мұғалімі және әдіскер қызметің атқарды.
2016 жылдан бастап № 60 жалпы білім беретін орта мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімі болып қызмет етті.
2023 жылдың қыркүйек айында «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ-не мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.