"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«Үздік бастауыш класс мұғалімі – 2018»

ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры. Елбасымыз халыққа арналған жолдауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Осы заманғы білім беру жүйе­сінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» деген болатын.

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Жылда жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Ұстаздар күні де күздің үлесіне тиіпті.

Осыған орай, 10 қазанда Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы мен Қазақстандық салалық білім мен ғылыми қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымының бірлесуімен «Үздік бастауыш класс мұғалімі – 2018» байқауы өтті. Байқау 2 кезеңнен тұрды. I кезеңде «Менің шығармашыл ұстазым», бейнетүсірілім арқылы өздеріне жан-жақты шығармашыл тұрғы да таныстырылым жасаса, II  кезеңде «Ең үздік сабақ үлгісі» жаңартылған бағдарлама негізінде сабақ көрсетілді. Ұстаздардың педагогикалық әрекетті шебер ұйымдастыруы мен түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану ерекшеліктері байқалды. Қала мектептерінен 45 – ке жуық мұғалім қатысқан. Осы байқауға мектебіміздің 1 «Б» класс жетекшісі Нұрмахан Ләззат Қайырханқызы қатысып «Шебер ұстаз» номинациясымен марапатталды.

Нұрмахан Ләззат Қайырханқызы  – үздік  ұстаз ғана емес, отбасында үлгілі ана, сүйікті жар, ағайын – туыс арасында беделді – абыройлы адам, шығармашыл тұлға, ұжым мақтанышы. Сондықтан, білім сапасының артуына өз үлесін қосып, талай жыл талмай-қажымай еңбек етіп келе жатқан ол кісінің өз тұғырынан түспей, әлі де біраз белесті бағындыра беретініне сеніміміз мол.