"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«Бақытты бала» жобасы – жақсы істердің жаршысы!

Бала – ұлттың болашағы. Сондықтан балаларға өнегелі тәлім, тағылымды тәрбие, сапалы білім беру, оларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулу – басты міндет.

Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың басшылығымен 2018 жыл «Балалар жылы» болып аталды. Осыған орай, биыл қаламызда «Бақытты бала» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жобаның алға қойған мақсаты – балаларға қолайлы жағдай жасай отырып, ой-өрісін дамыту, танымдарын кеңейту. Келешек ұрпақты интеллектуалды, дені сау, рухани бай, адамгершілігі мол тұлға етіп шығару. Көздеген мақсатқа жету үшін, көптеген тиімді шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі – «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппараты» ММ-нің ұйымдастыруымен қараша айының 23-ші жұлдызында «Локомотив» кинотеатрында балаларға тегін қойылым көрсетілді. Мектебіміздегі аз қамтылған 7-12 жас аралығындағы 15 оқушы барып, қойылымды тамашалады. Қойылым әрі тарихи, әрі күлдіргі, әрі қызықты оқиғаларға толы болуымен оқушыларды баурап алды. Қойылымнан соң оқушылар жағымды әсерлерімен бөлісіп, бойлары сергіп, рухани нәр алып, көтеріңкі көңіл-күймен қайтты.

Оқушыларымызға осындай керемет күн сыйлаған «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппараты» ММ-ге ризашылығымызды білдіреміз.

Замединова А.Қ.

2018 жыл, 23 қараша