"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады…

Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «Бақытты бала» жобасы – тұңғыш рет біздің өңірде қолға алынған іргелі жобаның жабылуына орай, «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімдігі аппараты» ММ-сінің қолдауымен, қарашаның 22-сі күні «Зодиак» мейрамханасында қайырымдылық шарасы өткізілді. Бұл шараға мектебімізден төрт оқушы қатысты. Шара барысында оқушылар қызықты ойындар ойнап, концерт тамашалап, дәмді дастарханнан дәм татып, түрлі сыйлықтарға ие болды. Бұл күн – балалар үшін ерекше күн болды, қуаныштарында шек болмады. «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» деген. Шынымен де, бала қуанышы – бәрінен қымбат. Балаларға осындай қуаныш сыйлаған «Алматы» ауданы әкімдігіне рахметімізді айтамыз.

Замединова А.Қ.

2018 жыл, 22 қараша