Тәрбиешінің басты мақсаты өз қызметін дамытып, оның арқасында адам өз тағдырын басқара алатын, өз өмірін құруды жалғастырушы бола алады…
А. Дистервег
Білім беру сапасын арттыру-кез келген білім беру мекемесінің негізгі міндеттерінің бірі. Соңғы уақытта біз, мұғалімдер, қоғамнан өмірдің сапасы, білім сапасы, әлеуметтік табыстылық сияқты сөздерді жиі естиміз. Мектеп түлегі отандық және әлемдік мәдениет дәстүрлеріне бағытталған, қоғамда белсенді әлеуметтік бейімделуге, өз бетінше өмірлік таңдауға, еңбек қызметін бастауға және кәсіби білімді жалғастыруға, өздігінен білім алуға, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге қабілетті жан-жақты дамыған тұлға болуы тиіс.
Кез келген қызмет қандай да бір нәтижеге әкеліп, өз жемісін беруі тиіс. Оқушылардың білім деңгейін білім сапасын жақсарту арқылы арттыруға болады.
Мектеп оқушыларының санына қатысты статистикалық мәліметтерді қарастырайық:
2017-2018 оқу жылының басындағы барлық оқушылар – 2256, класс-комплект саны – 93. Оқыту қазақ тілінде – 1885, класс-комплект саны – 76. Оқыту орыс тілінде – 371, класс-комплект саны – 17. 57 бастауыш сыныпта 1422 бала оқыса, орта буында 31 класс 731 оқушы бар. Ал жоғарғы сыныптарда 5 класс-комплект 103 оқушы болып отыр. 6 оқушы инклюзив, 9 оқушы үйден оқытылады. Мектепке дейінгі 364 бала 15 класс-комплект бар.
2018-2019 оқу жылының басындағы барлық оқушылар саны – 2917, 116 класс комплект, 661 оқушыға көбейіп отыр. Қазақ тілінде 97 класс-комплект, ал, оқушы саны – 2448. Өткен жылмен салыстырғанда 563 оқушыға артты. Орыс тілінде 19 класс-комплект, білім алушылар саны 469 болып, 98 оқушыға артты. Бастауыш сыныпта 1832 балаға 71 класс комплект болып, 410 оқушыға артты. Орта буында 40 класс-комплект, оқушы саны 731 болып, 347 оқушы қосылды, жоғарғы сыныптарда 5 класс –комплект, 107 оқушы. Инклюзивтік білім алушылар 13 оқушы. Үйден оқытылатын бала саны -11.
Мектеп алды даярлық топтарында 303 тәрбиеленуші, 12 класс-комплект.
Қорыта айтқанда, білім алушылардың саны өткен оқу жылымен салыстырғанда өсті. Ал білім сапасы қалай?
2-4 сыныптар 1-тоқсанда 826 оқушы үздік және жақсы оқиды. Білім сапасы-66 %. 5-9 сыныптар 1-тоқсанда 491 оқушы үздік және жақсы оқиды. Білім сапасы-50,4 %.
10-11 сыныптар 1-тоқсанда 49 оқушы үздік және жақсы оқиды. Білім сапасы-45,3 %. Мектеп бойынша 1-тоқсанның білім сапасы 58,4% құрайды.
Оқытудың қол жеткізілген нәтижелерінің сапасын білу – оқытушының табысты жұмысының міндетті шарты, әйтпесе оның қызметі мағынасын жоғалтады.