Ақтөбе облысының Ойыл ауданында 1978 жылы туылған. 2005 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын «Бастауыш класс мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын Ойыл орта мектебінде бастауыш класс мұғалімі ретінде бастаған (1997-2001ж.ж.); Алға қаласындағы облыстық балалар үйінде бастауыш класс мұғалімі (2001-2007ж.ж.); Алға қаласындағы В.И.Пацаев атындағы №2 орта мектебінде бастауыш класс мұғалімі (2007-2009ж.ж.); Алға қаласындағы В.И.Пацаев атындағы №2 орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (2009-2013ж.ж.); Алға қаласында «Аула» клубының әдіскері (2013-2015ж.ж.); Атырау қаласының №24 орта мектебінде бастауыш класс мұғалімі (2015-2016ж.ж.); Ақтөбе қаласындағы №60 жалпы білім беретін орта мектебінде бастауыш класс мұғалімі болып қызмет етті (2016-2017ж.ж.).
2017 жылдың қыркүйек айында «№60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ директорының бастауыш кластар ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.