Черниязова Жанна Букенбаевна 1987 жылы 8 наурыз күні Ақтөбе облысы, Қобда ауданында дүниеге келді. 2004-2008 жж. аралығында Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық университетінің информатика факультеті 050111 – «Информатика» мамандығын бітіріп, жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасын толық меңгеріп шықты. 2013 жылы 17 шілдеде Батыс-Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін 6М070300 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Ақпараттық жүйелер техника ғылымдарының МАГИСТРІ академиялық дәрежесі берілді (Тіркеу нөмірі ЖООК-М №0047854). Жанна Букенбаевна – 14 жыл педагогикалық еңбек өтілі бар, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты педагог-зерттеуші (Ақтөбе облысының білім басқармасы 19.08.2019ж. Бұйрық №261) және І санатты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (Ақтөбе облысының білім басқармасы 22.07.2021ж. Бұйрық №191).
Еңбек жолы:
Басқару қызметінің бейіні бойынша біліктілікті арттыру курстары:
Марапаттаулары:
–Алғыс хат. Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының әкімі Ә.Әуелбаевтен. 2020 жыл
-Алғыс хат. «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Р.С.Отыншиннен. 29.04.2021 жыл
-Алғыс хат. «Ғылым инновациялық және білім беру мекемелер қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы М.Молдабаевтан. Наурыз 2021 ж.
-Алғыс хат. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Б.Кузембаевадан. 25.05.2021 жыл
-Алыс хат. «Замануи мектепті басқарудың моделі» тақырыбындағы облыстық семинарда кәсіби жоғары деңгейде озық іс-тәжірибесімен бөлісіп, салмақты ойы мен құнды пікірлерін білдіргені үшін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Н.Абишева. Ақтөбе, 2021 жыл.