27 қаңтар 2016 жылғы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің №83 бұйрығына сәйкес «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» бекітілді.
Бекітілген ереже бойынша біліктілік санатына өту үшін педагогтардың құжаттарын қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы №632 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығының 2-қосымшасы 23-тармағында педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік санаттары Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында бес жыл бойы сақталады. Педагогикалық салада Қазақстан Республикасының шегінде жаңа жұмысқа ауысқан кезде педагог қызметкерлердің қазіргі кездегі біліктілік санаты оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады деп көрсетілген.
Аттестаттау педагог қызметкер мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік талаптарына сәйкестігін оның кәсіби құзыреттілігін бағалау негізінде анықтау мақсатында, сондай-ақ білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу кезінде бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
2017-2018 оқу жылында аттестациядан өту үшін барлығы 31 мұғалім өтініш берді. Аттестаттау ережесіне сәйкес өтініштерді қабылдау 2017 жылдың мамыр айының 22-23 күндері жүргізілді. Оның ішінде:
2018 жылдың 14-15 ақпан күндері қалалық сараптама тобының отырысына бірінші және жоғары санатқа өтуге, қайта растауға өтініш берген аттестатталушы мұғалімдердің құжаттары зерделеуге ұсынылды. Ұсыныстар мен ескертулер негізінде педагог қызметкерлердің құжаттары қайта қаралды. 2018 жылдың 28-29 наурыз күндері жоғары жəне бірінші санатқа өтетін педагогтардың портфолиосын тексеру жөніндегі қалалық және облыстық аттестациялық комиссия отырысына аттестатталушы мұғалімдердің құжаттары ұсынылды.
2018 жылдың 14 наурыз күні мектепішілік сараптама тобы екінші санатқа аттестатталатын педагог қызметкерлердің құжаттарын зерделеп, сараптама жасады. Осы сараптаманың негізінде берілген ескертулер түзетіліп, 2018 жылдың 17 сәуір күні аттестаттау комиссиясының кезекті отырысы өткізілді. Аттестациядан өткізу ережесінің 2-бөлім, 22-тармақшасына сәйкес аттестаттау аттестатталатын қызметшілердің қатысуымен өткізілді. Аттестаттау комиссиясының мүшелері ұсынылған материалдарды зерделеп, аттестатталушымен әңгімелескен соң, аттестатталушы қызметшіге осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес бағалау парағы толтырылды.
Мектепішілік, қалалық, облыстық аттестаттау комиссияларының шешіміне сәйкес 15 мұғалім екінші санатқа, 8 мұғалім бірінші санатқа, 6 мұғалім жоғары санатқа сәйкес келеді деп танылды. Жоғарыда аталған тізімдегі мұғалімдердің ішінде оқу жылының басында 2 мұғалім басқа мектепке ауысты.
Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары: Ербозымова М.Н.