"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Жаңа жыл – жаңа үміт пен сенімнің бастауы!

Дәстүр бойынша жыл сайынғы тойланатын Президент шыршасы желтоқсан айының 24-ші жұлдызында Ақтөбе қаласында орналасқан “Жекпе-жек” сарайында аталып өтілді. Қаламыздың бас шыршасына облыс әкімі Б.Сапарбаев қатысып, балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Айтулы шараға мектебімізден көп балалы отбасынан шыққан, сабағын үздік оқитын 3 “Қ” класс оқушысы Әділбек Заманай қатысты. Аяз атаға xат жазып, жаңа жылдық сыйлық күткен Заманайдың арманы орындалып, велосипедке ие болды. Одан басқа “Назарбаев болғым келеді” атты кітап, қорапқа салынған тәтті сыйлықтар, жұмсақ ойыншықтар, мозайка тарту етілді. Мерекелік шара барысында балалар әдемі безендірілген алып шыршаны айнала ән салды, би биледі, қызықты ойындар ойнады. Шара аяқталысымен, қатысушы барлық оқушылар “Думаш” мейрамxанасында тамақтанып, ерекше көңіл-күймен үйлеріне тарқасты. Ғажайып кешті ұйымдастырушыларға шексіз алғысымызды білдіре отырып, Жаңа жыл жақсы жаңалықтарға толы, сәтті жыл болсын деп тілейміз!