Бүгін “Нұр Ақтөбе” ықшам ауданында орналасқан 60ЖББОМ-да жүрек қылын тебірентер нəзік даусымен тыңдарманын баурап алған əнші, ҚР Мəдениет қайраткері , қазақты əлемге танытқан біртуар , дүлдүл əнші, атақты Димаш Құдайбергеновтей ұлды дүниеге əкелген анасы Света Айтбаева мен даусы əлем аспанына əуелеп үлгерген əрі миллиардтарды мойындатқан жас əнші Димаш Құдайбергеновтың концертінде əн айту мүмкіндігіне ие болып, кеше ғана Лондонда өткен Димаш ағасының керемет кешінде өнер көрсеткен “Бақытты бала” вокалдық байқауында жүлдегер атанған қазақтың қаршадай қызы Наргиз Жанұзақовамен ауқымды əрі өте тартымды сұхбаттасу болып өтті. Кездесу барысында Димаштың қандай оқушы болғанын, балалық шағы туралы сыр шерткен анасы əншінің концерттен кейінгі көңіл-күйі мен алдағы жоспарлары жайлы айтып берді. Мектеп оқушыларының қойған қызықты сұрақтарының барлығын қамти отырып, тартымды жауаптарымен жас өрендерді қызықтыра білді. Лондон төрінде “Елімнің жүрегі-Астана” деп əн салған Наргиз бүгінгі кеш көрермендерін де осы əнімен тəнті етті жəне өзінің өркениетті қала Лондоннан алған керемет əсерлерімен бөлісті. Кездесуден соң мектеп оқушылары Света ханым мен Наргизды ортаға алып, естелік суретке түсті.